«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, Мұнайлы ауданындағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау басталған еді. Билік өкілдерінің біліктілігін әңгімелесу бойынша сынау, яғни аттестацияның үшінші кезеңі жуырда өз мәресіне жетті. Әкімдіктің кадр бөлімі қорытындыны жариялады.
- Аттестаттаудың екінші деңгейі бойынша ауданнан 19 мемлекеттік әкімшілік қызметші сынақ тапсырған еді. Біреуі «Атқаратын лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымынан жоғарылатуға», қалғандары «Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай», деген қорытынды алды. Үшінші деңгейі жақында аяқталды. Одан ауданнан 75 әкімшілік қызметшінің қатысуы көзделген болатын. Соның 8-і ең жоғары көрсеткішке ие болып, мемлекеттік лауазымынан жоғарлатуға ұсынылса, 66-ның атқаратын мемлекеттік лауазымына сай екені анықталды. Бір қызметші дәлелді себептермен келген жоқ,-дейді аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Нұржамал Бейбітова.
Ал, аттестация комиссиясы болса мемлекеттік сынаққа қатысушылардың кез келгені де сұраққа мүдірмей жауап беріп, жоғары дайындықпен келді, дегенді алға тартты.
Еске сала кетейік, үшінші деңгейлі аттестаттау 31 наурызда басталып, оның коммиссия алқасы аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтің төрағалығымен әкімнің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық Кеңес төрағасынан құралған еді.