2016 жылдың 13 желтоқсанында Президент Н.Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай №27-VI Рахымшылық жасау туралы заңына қол қойған болатын. Осыған орай аудандық пробация қызметі бөлімінде бірқатар жұмыстар атқарылды,-деп хабарлайды бөлімнің инспекторы, әділет аға лейтенанты Тамара Жұмабекова.
Заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыс жасаған адамдарды жазадан босатуды көздейді.
- Қазір аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 232 сотталған тұрса, оның ішінде рақымшылық заңы қолданылатыны 136-ны құрайды. Заңның 2-бабына түсетін сотталғандарға қатысты құжаттар сот отырысында қаралды, қазіргі уақытта соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 4-бабына түсетін сотталғандардың құжаттары сот қарауында,-деді Т.Жұмабекова.
Шахида ЖҰМАН