"Маңғыстау облыстық іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері №5 орта мектепте дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қауымдастықтың Маңғыстау ауылы бойынша төрайымы Мая Жәудірханқызының басшлығымен өткен басқосу Президенттің халыққа арнаған биылғы Жолдауын насихаттауға арналды.
Оған облыстық іскер әйелдер қауымдастығының үйлестірушісі Жеміс Қалиева және Ақтау қаласы мен Қарақия ауданындағы тқрайымдары Фатима Беркьле, Гүлжамал Бекпауова қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер жайында әңгімеледі. Сондай-ақ Басқұдық ауылы мектебінің мұғалімі Қабыл Шілдебай, газетіміздің редакторы Сағындық Рзахметов та осы бағыттағы ойларын ортаға салды.
- Мемлекет басышысының Жолдауы негізінде түрлі ұжымдармен кездесіп, ондағы басым бағыттар бойынша түсінік беріп,өз саламызда болып жатқан өзгерістер, жаңалықтармен таныстырудамыз. Бүгінгі жиынымыз мектептегі қыз-келіншектермен. Олар отбасында, мектепте де болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырғадықтан еліміздің болашағы сол кісілермен тікелей байланысты,-дейді басқосу модераторы Мая Жәудірханқызы.
Шахида ЖҰМАН