EF Education First 1965 жылдан бері әлемдегі миллиондаған адамдарға шетел тілдерін білуге, жоғары білім немесе ғылыми дәреже алуға, әлемнің 55 елінде халықаралық тағылымдамадан өтуге мүмкінді беріп келеді.
Биылғы оқу жылында біз Қазақстан Республикасы мектептерінің оқушылары арасында ағылшын сөздерінің әріптерін неғұрлым жақсы айта алатын оқушыларды іріктеп, оларға Ұлыбританиядағы тілдік мектептерде оқуға жолдама беру мақсатында жаңа EF Spelling Bee жобасын бастап кеттік.
Жобаға қатысуға Қазақстан Республикасы барлық мектептерінің 7-11 сынып оқушылары шақырылды. Конкурстың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Екінші кезеңі ақпан айында болады, өңірлік іріктеп алу кезеңінің бірі 21 ақпан күні Ақтау қаласындағы №4 мектеп-гимназиясында болады. Барлық мектептер арасынан EF Spelling жобасының финалға шыққандар есімдері сәуір айының басында жарияланады. EF өкілдері 20 ақпан күні сағат 18:00-20:00 аралығындаАқтау қаласы, 1 шағын аудан, “Шағала” мейманханасында өтетін тегін консультацияға шақырады.