©
«Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы ғимыратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз С. Өтебаев тұрғындарды қабылдады.
Өмірдің адам баласына тосар сынағы, қиындығы аз емес. Күнделікті тіршілікте жолы болмай, тағдыры қырын тартып, қиналып жүргендер қаншама! Бұған тағы сөзін тыңдар, арқадан қағар пенде таба алмай, жылы қабақ іздер жаутеңкөз, жарымкөңіл жандарды қосыңыз. Біреуге жұмыс керек, екіншісі баспанадан қиналған, үшіншісі жағдайын тыңдар құлақ таппай емен есіктерді қағып жүр. Осындай жандардың үміт артып, келер жері «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы. Бүгінгі қоғамдық қабылдауды Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Өтебаевтың өзі өткізді.
Алдымен Асқар Жанаев деген тұрғын жағдайын айтты. Екі рет сотталып, түрме көрген жас жұмыс іздеп біраз жерге барыпты. Әуелде шалыс басып, қателескен. Екінші рет сотты болғанға өзін кінәлі санамайды. «Жала жабумен 3,5 жарым отырдым. Прокуратураға арызданған хаттарым, дәлелдерім бар еді, ескерілмеді» деп ашынады. Әрине, өмір қара бояудан ғана тұрмайды. Асқар да ел қатарлы өмір сүруге, ұрпақ өсіруге, еңбек етуге құқылы. Десек те, түрме көрген адамға тіршілігін тіктеу, жұмысқа орналасу оңай болмайын деп тұр.
Сәкен Нұрұлы Асқарды мұқият тыңдады. Айтқан сөзінің шындығына көз жеткізбек боп, бірнеше сауалдар қойды. Қателескендігін бетіне баспайтындығын, жастық шақта ағаттықтар болатындығын, тек содан сабақ алып, түзелуді мақсат ету керектігін қарапайым мысалдармен жеткізді. «Бұрын прокуратураға жазған шағымдарыңды алып кел, іске тіркейік. Жұмысқа тұруыңа бар мүмкіндігімді саламын.» деді. Жүргізушілік куәлігін алуға қажетті құжаттарға қатысты құзырлы мекеме басшыларымен сөйлесіп көретіндігін айтты. « Жұмысқа тұрар-тұрмас, қиын жағдайымызға жанашырлық танытып, ақыл-кеңес беріп, баламның болашағына деген сенімін орнықтырғаныңызға алғысым шексіз» деді Асқардың анасы көзіне жас алды.
Екінші боп қабылдауға кірген Рахмет Райымбек «Ақжол» құрылыс-сервис компаниясында жұмыс жасапты. Айына 100 мың теңге жалақысын да алып тұрған. «Жұмыстан өзім арыз беріп шығып кеттім, ауыр болды. Мамандығы – автоматика және электр техника мамандығы инженері бойынша жұмысқа тұрғым келеді» дейді. Сәкен Нұрұлы «мамандығы бойынша жұмыс табылмайтындығын кесіп айтты. Қиындыққа шыдамай, тәп-тәуір табыс тауып тұрған жерден жұмыстан шығып кеткені дұрыс еместігін түсіндірді. Денсаулығыың келмесе, « мынандай жұмыстарға жарамайды» деген анытама болу керектігін ескертті.» Дәрігердің қорындысын алып келсең, мүмкіндігін қарастырайын. Тіпті сол «Ақжолға» қайта кіргізуге жұмыстанайын» деді.
Асылбек Қалақаев деген жас бұрын мұнай саласында жұмыс жасаған. «Казазот» мекемесіне жұмысқа тұрғысы келеді. «Жеке кәсіпкер» ретінде тіркеудесің, шығып кел» деп қайтарыпты. Әрине, өзі жүрмесе, ешкім ол үшін тіркеуден шығару жұмысымен айналыспайтыны белгілі. Осыны түсіндірген халық қалаулысы салық қызметкерлері тарапынан жөнсіз кедергілер болып жатса көмектесетіндігін де жеткізді.
Елена Асқарқызы Алматыдағы халықаралық бизнес университетінде оқитын қызына материалдық көмек көрсету мәселемен келіпті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Өрлеу бағдарламасы» бойынша жұмыс жасап жүрген Үміткүл Орунбаева тұрғын үй мәселесі бойынша келіпті. Жағдайы қиын отбасы ретінде 2016 жылы 3054 адам болып үй кезегінде тұр.
Заң талаптарын басшылыққа ала отырып, жағдайды елеп-екшеп, қорытындығы жасаған Мәжіліс депутаты «Арендалық тұрғын үй кезегіне тіркелуге құжат жинауыңыз қажет. Қажетінше көмек-қолдау жасайық. Басқалай мүмкіндік көріп отырған жоқпын» деді.
Түске дейінгі мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, қоғамдық келісім мүшелерімен кездесу бар, үш сағатқа созылған қабылдаудан Сәкен Нұрұлы шаршап шықты. Ертеңде тағы да бірнеше шаралар күтіп тұрған. Ендігі бағыт-Бейнеу ауданы...
Болат Үмбетов