©
1941 жылдың 27 желтоқсанында алғашқы саны оқырманына жол тартқан «Жаңа өмір» газеті 75 жылдық мерейтойын биік белес пен аласармас абырой биігінен қарсы алып отыр.
«Асқар тау» мейрамханасында өткен мерейлі мерекеге Терекбай Жаңбыршыұлы бастаған ардагерлер, газет оқырмандары көп жиналды. Аудан әкімі Ж.Айтуаров сала ардагерлері, сара сөздің сардарларын алғыс хатпен марапаттап, бүгінгі жас толқын-журналистерге қаламдарың ұштала берсін деген тілегін жеткізді.
«Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Д.Уәлиханов газеттің таралымын көбейтуге үлес қосқан мекеме басшыларын, оқырмандарды құттықтап, сый-сияпат жасады.
75 жыл тарихы бар түбек баспасөзінің тұңғышы «Жаңа өмірде» әр жылдары редактор, жауапты хатшы, журналист болған ағалар ақжарма тілектерін арнады.
Газет тарихынын сыр шертетін сұрақтар қойылып, бағалы сыйлықтар бәйгеге тігілді. Мерекеге ортақтаса келген аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.Ордабаева және бөлім, мекеме басшылары «Жаңа өмірдің» жергілікті жерде мемлекеттік саясатты насихаттаудағы үлкен үлестерін тілге тиек етті.