©
Халқымыз о баста кәсіп ретінде айналысып, бірте- бірте дамытып, қасиет тұтар бекзат өнерге айналдырған саятшылық, құсбегілік өнері біздің өлкемізге де тән.
Маңғыстауда ит жүгіртіп, құс салған саятшылар, қақпан құрып, аң аулап, осы өнердің арқасында бір өзі бір ауылды, бір рулы елді асыраған саятшы-аңшылар көп болған. Қазақ үшін құс салудың маңызы қандай екенін Ер жігіт, жүйрік ат, қыран бүркіт ... болып жалғасатын «Жеті қазынадан ақ» пайымдауға болады. Ауданымызда осы асыл өнерді жалғастырып жүрген ағаларымыздың бар екені қуантады. Соңғы жылдары ат баптап, құс ұстап, тазы жүгірткен азаматтар мектеп оқушылары мен жастарға ұлттық өнердің көнесі мен өресін үйретуге күш салып жүр.
Жуырда жастарды сұлулық пен әсемдікке үндеген тағы бір әсерлі кеш Тұщыбек негізгі орта мектебінде өтті. Ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген жас ұстаз Ертіс Ещанов, атбегі Нұрсұлтан Айдарбаев, құсбегі Айшуақ Тайманов оқушыларға өздері айналысып жүрген ата кәсіптің қыр-сырын ашты. Оқушылар, әсіресе ер балалар үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Әсері мол кеште біз құды бір ертегілер әлеміне енгендей болдық.
Ақжан НҰРБОЛАТ
Сурет сайттың архивінен