• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 13 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Дәрілік саясатты дамыту — заман талабы

[ 2016 ] 8 желтоқсан, 09:46  |  Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздік тұғырына орныққалы 25 жылдың жүзі болды.  Сынаптай сырғыған уақыт ішінде сан салада оңтайлы өзгерістер орын алып, «көмескі» жүйе жаңғыртылып, тұтас қаңқасы қайта құрылған еді. Жасампаз істер мен нәтижелі жобалар жүзеге асырылып, заң қағидалары қайта қаралып, тиісті әрі тиімді қаулылар қабылданды. Әсіресе, денсаулық сақтау саласы, отандық дәрі-дәрмек өндірісі нарығында іргелі де ілкімді істер атқарылды. Әр өңірде әлеумет әлеуеті, қоғам құрылымы мен өмір сүру сипатына қарай медицина жүйесі жаңашылдыққа бет бұрып, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және кәсіби білім мен білікті жетілдіру жолдары іздестірді. Бұл үрдіс біздің өңірде, яғни Маңғыстау облысында жемісті жалғасып келеді. Бұған мысал ретінде дәрілік саясатты дамыту мақсатында өткен өңірлік конференцияны атауға болады.

«Өңірлік конференция Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті бастамасымен ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк Фармацевтикалық академиясы мамандары, профессорлар мен ғылым докторлары  дәріс оқып, дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды қолдану, сақтау және босату жөнінде талаптар мен ережелерге тоқталды. Сонымен қатар, дәріханалық тиісті фармацевтикалық практика стандарттары және оларды фармацевтикалық нысандар қызметіне енгізу жайы сөз болды», — дейді Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департамент басшысының орынбасары Дәулет Тагибаев.

Оның сөзіне сүйенсек, биыл жүргізілген мониторинг нәтижесінде өңірде фармацевтикалық қызмет жүйесіндегі бөлшек сауда жақсы дамығандығы мәлім болды. Дәрі-дәрмек өндіру және сату саласында қызмет ететін фармацевт мамандармен қоса өңірлік конференция жұмсына жергілікті атқарушы орган өкілдері өз қызығушылығын танытты. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр білікті мамандар мен кәсіби білімін жетілдіруді көздеген фармацевт-мамандармн жүздесіп,  алдағы мақсат-жоспарларды ортаға салды.

«Фармацевтика – медицинаның  ең ауқымды  саласы. Бүгінде медицинадағы жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бас көтеріп отыр. Фармацевтика саласында жеке кәсіпкерлікті дамытуға оңтайлы нәтижелер бар. Алдағы уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бет бұрғалы жатырмыз. Сол кезде де фармацевтика саласына зор сенім артамыз», — деді Марал Қадыр.

Басқосуда фармацевт-мамандар қызметінің қоғамдағы рөлі, өңірлік әкімдік және басқарма тарапынан олардың еңбегін бағалау жайы сөз болды. Халықтың ауру дендеп, бас аурып, балтыр сыздағандағы бір сенері білікті дәрігер болса, бірі дәріханадағы фармацевт екендігін ескере кетті. Сол себепті де дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар турасында дәйекті ақпар беріп, дұрыс бағдар берер фармацевттердің кәсіби білімін жетілдіру маңыздылығы атап өтілді.

Голрох Жеменей

1310
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда алғашқы қар жауды

Келесі жаңалық

Тұщыбекте өткен тағылымды кездесу

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Күйіп қалған бүлдіршіннің оқиғасына кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды

    [ 2019 ] 20 желтоқсан, 06:32
    3104

    Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

    [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
    3446

    МӘМС жайында не білеміз?

    [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
    2785

    АИТВ-ның алдын алуға болады

    [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
    2597

    Өңірде іш ауруы азайып, қызылша «қызып» тұр     

    [ 2019 ] 9 желтоқсан, 06:59
    1592

    Өңірге танымал хирург Намаз Ізімбергенов өмірден озды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 11:25
    2130

    Рубрикалар

      СұхбатМұнайлыЭкономикаАнықтама бюросыАудан тынысыМәселеБайланыс мәліметтеріЖарнамаРедакция газеттеріСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
    1683

    Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

    [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
    2777

    Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

    [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
    1658

    Сапалы өнім – табыс көзі

    [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
    2018

    Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
    2184

    Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

    [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
    1574

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»