Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Имашев Маңғыстау облыстық дзюдо орталығының директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айбек Имашев 2018 жылдан бері дзюдодан Маңғыстау облысының ересектер құрамасының, 2019 жылдан бері Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді.
Директорлыққа тағайындалсам да, спортшыларды дүбірлі додаларға дайындау жұмысын да қоса атқарамын. Өйткені, бапкерлік өзімнің кәсібім, - дейді Айбек Имашев.
Айта кетейік, Айбек Имашев 2011 жылы Азия, 2014 жылы Еуропа чемпионатында чемпион атанып, 2013 жылғы Әлем кубогының алтын жүлдесін, Будапешт Гран Приінде күміс жүлде, Тюмень Grand Slam-ында 3-орын, Циндао және Алматы Гран Приінде бесінші орын алған тәжірибелі спортшы.