• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Медициналық оңалту кімдерге және қандай жағдайда көрсетіледі

14 маусым, 15:17  |  Жаңалықтар

Жалпы медициналық оңалтудың науқас адамның денсаулығын қалпына келтіруде атқаратын рөлі зор. Жарақат алған немесе созылмалы аурумен ауырып тұрған кісінің күнделікті өмірге оралып, қалыпты тіршілік етуіне септігін тигізеді. Бұрын оңалту шаралары көбінесе ақылы түрде көрсетілетін. Ал бүгінде сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді болып отырғанын көріп отырмыз. Дегенмен, медициналық оңалту мәселесінде көпшілік үшін әлі де түсініксіз жайттар кездесіп қалатыны бар. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы медициналық көмекті және қаражатты жоспарлау бөлімінің бас сарапшысы Нұрлыбек Сатыбалдиевпен осы мәселе төңірегінде сұхбаттастық.

- Нұрлыбек Болатұлы, алдымен, медициналық оңалту кімдерге және қандай жағдайда көрсетілетінін айтсаңыз.

- Оңалтудан негізгі немесе созылмалы ауруды емдеу қажет болғанда; қатты ауырсынудан кейін; хирургиялық операциялардан кейін; жарақат алғаннан кейін; сырқат салдарынан адамның қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларда өтуге болады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/) қалпына келтіру шараларын ақысыз негізде өтуге болады.

- Бұрын оңалтудан өтпеген науқас бұл ем шараларын алу үшін қайда барады?

- Пациент алдымен тұрғылықты жеріндегі емханаға барады. Емдеуші дәрігер реабилитолог маманға немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жібереді. Олар аурудың пайда болуы мен күшеюі, сырқаттың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтерді ескере отырып, оңалтуға деген қажеттілікті айқындайды. Бастапқы реабилитациялық диагноз қойып, пациент денсаулығын қалпына келтіру жоспарын, курстың мерзмі сияқты жайттарды анықтайды. Егер кешенді тексеру нәтижесінде реабилитация тиімді деп табылса, пациент оны амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санаторий-курорттарда өте алады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады. Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады.

Біріншісі ауруы асқынып тұрған науқастарға, хирургиялық операция жасатқан, жарақат алған адамдарға арналған. Ол стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Егер ауруханаға жатқызу қажет болмаса, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін және негізгі ауру емделіп болғаннан кейін пациент оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.

Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, мамандандырылған оңалту орталықтары мен көпбейінді стационарлар базасында өтеді. Бұл кезеңді ауру басталған сәттен бастап тоғыз ай ішінде жүргізу қажет. Курстың ұзақтығы мен жиілігі нозологияға, науқасты денсаулық жағдайынатағы да басқа факторларға байланысты болмақ.

Үшінші кезеңде медициналық оңалту емхана-амбулатория деңгейінде, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлер мен курорттарда, үйдегі стационар жағдайында, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Курстың жиілігі мен ұзақтығы пациенттің денсаулығына қарай белгіленеді. Оңалтудан алынған нәтиже міндетті түрде ескерілуі тиіс.

- Ал оңалту шараларынан бас тартуға мәжбүр болатын жайттар қандай?

- Оңалтудан бас тартуға мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін: көп қан кету; дене қызуының көтерілуі және ұзақ уақыт бойы қалыпты жағдайдан асып кетуі; өткір жұқпалы аурулар; өткір остеомиелит; көктамыр тромбозы; жүрек жеткіліксіздігі; эпилепсия талмасы ұстаған кезде. Сондай-ақ қатерлі ісік, туберкулез, қант диабеті, тиреотоксикоз, бауыр қызметі тапшылығы, ІІІ деңгейлі ұйқы безі тапшылығы, адамның көңіл-күйі мен мінезінде ауытқулар тудырған психикалық аурулар, іріңді және жұқпалы тері аурулары, 2-3-дәрежелі анемия, 3-дәрежелі дистрофия сынды аурулар себеп болуы мүмкін. Оңалту пациенттің өз өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, ем-шаралардан кейін сырқаттың жағдайы нашарлаған жағдайда немесе негізгі, қосалқы аурулары күшейіп кеткен жағдайда дәрігер ем-шараны тоқтату туралы шешім қабылдайды.

- Коронавирустан жазылғаннан кейін оңалтудан өтуге бола ма?

- Коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегі пневмониямен ауырған қазақстандықтар оңалтудан Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өте алады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маман мен аурухананың/емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы арқылы беріледі. Реабилитация қажеттігін бағамдау барысында мынадай көрсеткіштер тексерледі: тыныс алу органдарының қызметі (сатурация деңгейі, КТ/рентгенографиядағы өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеті (Бартел индексі).

- Медициналық оңалту қызметі қандай емдеу мекемелерінде көрсетіледі?

- Медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бағытында жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Егер 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы олардың саны 559-ға жетті. Ал биыл еліміз бойынша 618 ұйым медициналық оңалту қызметін көрсетуге тапсырыс алды. Тізімге емханалар, ауруханалар, жеке меншік медициналық орталықтары, оңалту және спорттық-оңалту кешендері, оңалту-санаторий кешендері, медициналық-әлеуметтік мекемелер, қоғамдық қорлар, емдеу-сауықтыру кешендері, санаторийлер енген. Оның ішінде, еліміздің 10 өңірінде орналасқан 16 санаторий де бар. Жеткізушілер саны жағынан Қарағанды (4), Жамбыл (3), Алматы (2) облысы көш бастап тұр. Жеткізуші компаниялардың тізімімен Қордың fms.kzресми сайты арқылы танысуға болады («Байланыс ақпарат» – «Клиника таңдау»).

- Медициналық оңалту қызметіне бөлінетін қаражат толық игеріле ме?

- Елімізде 2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 437 мыңнан астам пациент реабилитациялық ем қабылдаған. Амбулаторлық деңгейде 1,5 миллионға жуық оңалту қызметі көрсетілді. Яғни, тәулік бойғы стационарларда–250,5 мыңнан астам қызмет,күндізгі стационарда–186,9 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметіне сүйенсек, МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге–55,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. 4 ай ішінде Қор 14 миллиард теңгенің қызметіне ақы төледі. Ал Маңғыстау облысы бойынша 4 айда 507,5 миллион теңгеге науқастар емделді. Оның ішінде тәулік бойғы стационарларда 1748 оңалту қызметі 359,1 миллион теңгеге; күндізгі стационарда 993 қызмет 115,8 миллион теңгеге; амбулатория деңгейінде 817 оңалту қызметі 32,5 миллион теңгеге көрсетілген. Аймақтық тұрғыдан алып қарағанда, қызметтің басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында көрсетілген. Егер қажет болып жатса, пациенттер құқығын қорғау мәселесі бойынша Қордың Qoldau24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс нөмірі немесе fms.kz ресми сайты арқылы шағымдануға алады. Келіп түскен арыз-шағымдар міндетті түрде қаралады.

Сұхбаттасқан Валентина Қозыбақова

278
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста жем, шөп құны қанша болмақ?

Келесі жаңалық

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Қазақстан жаңалықтарыАуыл өміріБайқауРедакция газеттеріСаясатФотоРедакцияСараптамаРедакция туралыАшық қоғамЖаңаөзен - 50 жылСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Атамекен ауылындағы ауыз су мәселесі: Көше соңындағы үйлерге су жетпейді

    3 тамыз, 16:09
    139

    Ақтауда бір аптада індеттен 56 адам көз жұмды

    3 тамыз, 13:42
    197

    Абылай Фазылбек: Ауыл әкімін сайлауға жауапкершілікпен қарау керек

    25 шілде, 18:37
    172

    Өңірдің бас эпидемиологы Қаламқас кенорнының жұмысшылармен кездесті

    19 шілде, 17:25
    142

    Әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті

    3 шілде, 14:48
    222

    «30 игі іс»: Балалар үйінде бүлдіршіннің тұсауы кесілді

    28 маусым, 16:45
    138

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»