1-5 ақпан күндері аралығында Ақтөбе қаласында теннистен өткен республикалық турнирде ақтаулық Балқан Нұрдаулет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Aktobe Masters 10&under” жарысында 36 спортшы бақ сынаған. Нәтижесінде теннис бойынша жұптық және жекелей ойыннан БЖСМ-нің үлкен теннис спортшысы Балқан Нұрдаулет 10 жасқа дейінгі балалар арасында 1 орынды иеленді.
Айта кетейік, жас спортшы №16 орта мектебінің 4 сынып оқушысы. Ол 2016 жылдан бастап тенниспен айналысады, республикалық деңгейдегі турнирлерден жүлдегер атанып жүр. Бапкері - Жәнібеков Берекет Дүйсенұлы. Қазіргі таңда Қазақстан теннис турының рейтингісінде.