Түпқараған аудандық сотында Ресей Федерациясының 3 азаматына Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуіне қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Републикасының мемлекеттік шекарасын белгіленген құжаттарсыз және тиісті рұқсатынсыз мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінен тыс жерлерді қасақана заңсыз кесіп өткен.
Сот үкімімен Ресей Федерациясының азаматтары Х.,М.,А. ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысы 6 айға бас бостандығынан айырып, ҚР шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарылды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.