Бұл туралы Шетпе селосы әкімінің міндетін атқарушы Аман Ордабаев мәлімдеді.
Жыл аяғына дейін орталық саябақ ішіндегі Отан соғысы ардагерлерінің есімі жазылған мемориалдық тақта қайта орнатылады. Жанына ту монументі мен жалауша орналастырылады. Сонымен қатар, саябақ ішіне балалар ойын алаңы мен субұрқақ салынады, кіреберіске доға іспетті қақпа қойылады. Сондай-ақ саябаққа әртүрлі іс-шараларға арналған үлкен сахна орнатылады.
Ал аудан орталығындағы үш парктің бірі - әкімдік алдындағы паркте де абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 11.5 шаршы метр жерге аудандық мәдениет үйі алдынан бастап алаңға толықтай брусчатка төселіп жатыр. “Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жұмыстарға републикалық бюджеттен 224.0 млн теңге бөлінген, жеңімпаз "Мантеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Саябақты жөндеу, абаттандыру жұмыстарына 30 адам жұмылдырылды.