Ақтауда 1947 жылы туған Нәйлә Рысақованы туыстары іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Туыстарының мәліметінше, ол 20 шілдеде шамамен сағат 10-дарда үйінен шығып кеткен. Тұрып жатқан мекенжайы 15 шағынауданы, 50-ші үй. Әжейдің кәрілік ауру белгілері бар. Көмек керек пе деп сұрағандарға, «бәрі жақсы, Алматыға бара жатырмын»,-деп те жауап беруі мүмкін.
Қызы Анар көрген білгендер болса, +7777 278 8867 телефон нөміріне хабарласуды өтінеді.