Енді маңғыстаулық тұрғындар дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын онлайн режимде тексере алады.
Сонымен қатар, онлайн режимде дәрігермен кездесу, қолайлы клиника және медициналық қызметтер туралы ақпараттарды i-teka.kz сайтынан қарауға болады.
Еске сала кетейік, соңғы уақытта қаладағы дәріханаларда керекті дәрі-дәрмектер таусылып, қала тұрғындары кезекке тұруға мәжбүр болған еді. Ал кеше цефазолин дәрісі Ақтау дәріханаларына сатылымға түскен болатын.