Ақтауда 25 жастағы ер адам теңізге батып кетті. Бұл туралы МО Төтенше жағдай департаментінің орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға 30 маусым күні болған. Ол Ақтаудан 66 шақырым жерде орналасқан тыйым салынған «Голубая бухта» теңіз жағалауына барып суға түскен. Суға батып кеткен ер адамның денесін достары алып шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін мамандар суға түсуге тыйым салынған жерлерді атаған болатын. Оның ішінде «Голубая бухта» жағалауы да бар.