29 мамыр күні міндетті ауысымнан кейінгі термометриядан өту барысында «Қаламқасмұнайгаз" ӨБ қызметкерлерінің бірінде дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
COVID-19-ға күдіктенген кезде іс-қимыл алгоритміне сәйкес, бұл қызметкер шұғыл түрде Ақтау қаласындағы провизорлық стационарға жеткізілді, онда ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, содан кейін ол инфекциялық бөлімшеге жатқызылды.
Іс-қимыл алгоритміне сәйкес, Қаламқас кен орнына Маңғыстау ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының мамандары дереу келді, іс-шаралар барысында жақын байланыстағы тұлғалар анықталды, олардың барлығы Қаламқас кен орнындағы провизорлық үй-жайларға оқшауланып, барлығынан COVID-19 сырқатына зертханалық талдау сынамалары алынды. Сонымен қатар, сырқаттанған қызметкермен жақын байланыстағы тұлғалар анықталды, олардың барлығы жатақхана блогында медициналық бақылауда (блок өзі уақытша карантинге жабылды). Бүгінгі таңда Қаламқас кен орнының жалпы саны 18 қызметкерінде COVID-19 диагнозы расталды, бұлар біздің қызметкерлер және сервистік компаниялардағы әріптестеріміз, - делінген хабарламада.
Сырқаттанғандар Ақтау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты кен орындарында карантин жағдайына "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде барлық обсервациялық үй-жайлар алдын ала дайындалып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Қаламқас кен орнында азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің стратегиялық қоры жинақталған.
ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысына және аумақтық қадағалау органдарының ұсынымдарына сәйкес компания мен жергілікті мемлекеттік органдар басшылығының ерекше өкіміне дейін Қаламқас кен орнына кіруге және шығуға тыйым салынған (персоналдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автокөлікті қоспағанда).
Байланыста болған тұлғаларды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Қаламқас кен орнында барлық объектіде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазір кен орындарда денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің мамандары сырқаттың таралмауын қамтамасыз ету жолында барлық шараларды атқаруға кіріскен.
Қазіргі уақытта кен орыны штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, жағдай қоғам басқармасының жеке бақылауында. Бүгінгідей күрделі кезеңде COVID-19 сырқатымен ауырған әріптестеріміз компания тарапынан қолдаусыз қалмайды, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ оларға барлық қажетті көмекті көрсетеді, - делінген хабарламада.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН