Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 29 мамыр күні міндетті ауысымнан кейінгі термометриядан өту барысында «Қаламқасмұнайгаз" ӨБ қызметкерлерінің бірінде дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілген. COVID-19-ға күдіктенген кезде Іс-қимыл алгоритміне сәйкес, бұл қызметкер шұғыл түрде Ақтау қаласындағы провизорлық стационарға жеткізілді, онда ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, содан кейін ол инфекциялық бөлімшеге жатқызылды.
Іс-қимыл алгоритміне сәйкес, Қаламқас кен орнына Маңғыстау ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (ҚБТУ) басқармасының мамандары дереу келді, іс-шаралар барысында жақын байланыстағы тұлғалардың саны анықталды – олар 27 қызметкер екендігі белгілі болды, олардың барлығы жатақхана блогында медициналық бақылауда болады (блок өзі уақытша карантинге жабылды).
Бүгінгі таңда Қаламқас кен орнының тағы да 6 қызметкерінде COVID-19 диагнозы расталды. Олардың барлығы – бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдар екен. Барлық сырқаттанғандар Ақтау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Қаламқас кен орнында обсервациялық үй-жайларға 50 байланыстағы адам оқшауланған, олар медициналық бақылауда. "Коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты кен орындарында карантин жағдайына "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары" шеңберінде барлық обсервациялық үй-жайлар алдын ала дайындалып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген болатын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38 қаулысына және аумақтық қадағалау органдарының ұсынымдарына сәйкес Компания мен жергілікті мемлекеттік органдар басшылығының ерекше өкіміне дейін Қаламқас кен орнына кіруге және шығуға тыйым салынды (персоналдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автокөлікті қоспағанда).
Байланыста болған тұлғаларды оқшаулау жұмыстары жалғасуда. Қаламқас кен орнында барлық объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта кен орын штаттық режимде жұмыс істеуде, жағдай Қоғам Басқармасының жеке бақылауында.