Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне – 75 жыл. Бұл – аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан ардагерлеріміздің ерен ерліктері ұмытылмайды.
Бүгінде сол ардагерлеріміздің де қатары азайып бара жатқандығы жанға батады. Батыр бабаларымыздың қатары азайғанымен ерен ерліктері еш ұмытылмайды.
Арамызда жүрген киелі Маңғыстау өңіріндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін келе жатқан 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, ашық аспан, отбасыларына амандық тілейміз.
Аймағамбетов Асан 1925 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. ҰОС 2-ші топ мүгедегі. 1943 жылы әскер қатарына шақыртылған, 2 және 4 — Украин майдандарында соғысып, Берлинге дейін барған. 2-ші дәрежелі «ҰОС» және 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Берлинді алғандығы туралы» медалімен және тағы да мерекелік медальдарымен марапатталған. 1948 жылы елге оралған.
Базарбаев Сәуірбай 1925 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. ҰОС 2-ші топ мүгедегі. 1943-1945 жылдар аралығында Белорусь майданында соғысқан. 1-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен, «Берлинді алғандығы туралы» және мерекелік медальдармен марапатталған.
Бокаев Бисен 1923 жылдың 19 қаңтарында дүниеге келген. Аға сержант. ҰОС ардагері. 1942-1945 жылдары аралығында 2-ші Украин майданында соғысқан. «Қызыл Ту», 2-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 1949 жылы елге оралған.
Заривняк Ольга Платоновна 1927 жылдың 14 шілдесінде дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. ҰОС ардагері. 1943-1945 жылдары ҰОС майданында соғысқан. Мерекелік медальдарымен марапатталған.
Мамбетұлы Ибраким 1924 жылдың 17 сәуірінде дүниеге келген. Қатардағы жауынгер ҰОС 2–ші топ мүгедегі. 1942 жылы Сталинград шайқасында жараланған. Мерекелік медальдармен марапатталған.
Орақұлы Алуадин 1925 жылдың 20 наурызында дүниеге келген. Сержант. ҰОС 2-ші топ мүгедегі. 1943 жылы әскер қатарына шақыртылған. Белгород, Орел, Курск соғыс майдандарына қатысқан. 2-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Салазкин Василий Иванович 1927 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Кіші сержант. 1941-1945 жылдары аралағында ҰОС майданында соғысқан. 2-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Сухонос Станислав Трофимович 1928 жылдың 25 сәуірінде дүниеге келген. Матрос-юнга. 1944 жыл 1-ші Қызыл Ту Новороссийск су кемелер дивизионында юнга-моторист болып соғысқан. 2-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған. 1952 жылы елге оралған.
Тлишов Кубир Тельбаевич – 1924 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. ҰОС ардагері. 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. 1941-1945 жылдары аралығында ҰОС майданына және Жапония соғысына қатысқан. 1-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Үмбеталиқызы Қамқа 1923 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. 1942-1945 жылдар аралығында ҰОС және Қиыр Шығыс соғысына қатысқан. 2-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Хыдырбаев Қайр 1922 жылдың 20 наурызында дүниеге келген. ҰОС 2-ші топ мүгедегі. Қатардағы жауынгер. 1941-1945 жылдары екінші Белорусь майданында соғысқан. 1-ші дәрежелі «ҰОС» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент