4 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы анықталды. Аталмыш тауарлардың бағасын көтерген жағдайда бизнеске 100 АЕК (265 100 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде бұзушылық қайталанса 200 АЕК (530 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Бағаны көтергені үшін кәсіпкерлік субъектісіне ешқандай ескерту жасалмайды, тек ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылатын болады.
Ал Маңғыстау облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағалары төменде көрсетілген.