Ақтау қаласындағы барлық тойхана өз жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала аумағындағы мейрамханаларға рейд жүргізілген болатын. Рейд нәтижесінде барлық тойхананың жабылғаны анықталды.
«Егер қандай да бір той, шара болып жатқаны анықталса, ҚР Әкімшілік кодексінің 476 бабы бойынша мейрамхана иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 15 күнге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін. Ал егер мейрамханада болған адамнан инфекция табылса, мейрамхана иесіне 2 мың АЕК немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалу мүмкін», - дейді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтауда 41 мейрамхана бар.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА