©
«Қазпошта» АҚ электрондық конверттегі хаттардың іске қосылғанын хабарлайды. Осыған орай Мұнайлы аудандық «Қазпошта» байланыс торабының бастығы Қоблан Таттыбайұлынан сұхбат алдық.
- Қоблан аға, жалпы электрондық конверт деген не өзі?
- «Қазпошта» бүкіл қазақстандықтарғаэлектрондық маркалы конверттерді ұсынып жатыр. Бұл жаңадан шыққан қызмет. Электрондық маркалы пошталық конверт - бұл үстіне баспаханалық тәсілмен бірегей штрих- код қойылған конверт. Сонымен қатар «Қазпошта» жөнелту мен қадағалау қызметінің іске қосылғанын да хабарлайды.
- Осы электрондық маркалы конверттегі хаттың, қарапайым конверттегі хаттан ерекшелігі қандай?
- Бұрын тұрғындар конвертті, марканы бөлек сатып алатын. Ал электрондық конверттелген хаттың бәрі- ішінде. Бағасы да тиімді. Жеке тұлғалар үшін электронды конверттелген хат жіберу құны 100 теңге. Шрих-коды болады. Ол сатып алғанда, түбіртекте көрсетіледі. Хатты көшедегі кез-келген пошта жәшігінен немесе пошталық байланыс бөлімшесінен жібере алады. Жөнелтуші хаттың трекингін Post.kz сайтынан көре алады.
- Бұл хат қаншалықты қауіпсіз?
- Жаңа айтып өткеніміздей, жөнелтуші хаттың кім алғанын, қашан алғанын Post.kz-тен көреді. Хат пошташы мен алушының абоненттік пошталық жәшігіне жеткізіледі. Пошташы жеткізу парағына «Абоненттік жәшікке түсірілді» деген белгі қояды. Жөнелтуші қай пошташы апарғанын да көре алады. Яғни, қауіпсіз.
- Хаттың бару мерзімі қалай болмақ? Бұрынғыдай ма, әлде қысқара ма?
- Мерзімі пилоттық жоба болғандықтан қысқартылады. Бұрынғыдай бір жетілеп жүрмей, көп болса екі-үш күнде тұтынушының қолына тиеді.
- Маңғыстау облысында тұрғындар үшін қаншалықты қолжетімді?
- Бұл жоба 2015 жылдың қазан айынан бастап Астана, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшелерінде іске қосылды. Осы мерзім ішінде аталмыш облыстарда 8000 конверт сатылды. Осылай одан әрмен жақсы көрсеткіш көрсетсе, Маңғыстауға осы жылдың аяғына дейін келеді.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Әсем АРЗУБЕКОВА