- Гүлмоншақ, жағдай қалай? Талай жас «екі қолға бір күрек таба алмай жүргені» рас, сондай жастарға үлгі болу үшін кәсібіңді қалай бастағаның туралы айтып өтсең?
- Мен нағыз кәсіпкерлік жолға енді түскендеймін, оған себепкер Бейнеу аудандық "Атамекен" кәсіпкерлерді қолдау орталығы болатын. Осы жылдың шілде айында интернет желісінде, "Бейнеу Ақпарат" сайтынан "Бастау Бизнес" жобасы туралы хабарламаны оқыдым, онда жұмыссыз азаматтарды бір ай көлемінде кәсіпкерлікке оқытуға және оқу біткесін шағын несие алуға мүмкіндік болатыны туралы, ең қызығы, сол оқығаның үшін арнайы 16 789 теңге шәкіртақы төлейтіні жазылған. Мен сол жоба бойынша оқып, оқуды бітіріп, бизнес талаптарына сай құжаттар тапсырып, шағын несие алып, өз кәсібімді аштым. Бір мақсатыма қол жеткіздім десем болады.
- Жобаның 4-оқу кезеңінде 37 ші қатысушының бірі болып жазылғаныңызды айттыңыз. Сонда 37 қатысушының барлығы оқу бітіріп таңдаған кәсібін ашты ма? Айтайын дегенім, бұрындары адамдардың көбі сауда-саттыққа қызығатын, қазіргі жастардың таңдауы, қызығушылығы қандай кәсіп екенін оқу кезінде білген боларсың?
- Ия, әрине! 37 қатысушының 10-ына өз кәсібін ашуға мүмкіндігі туды, 27 қатысушының құжаттарына байланысты, жыл соңына дейін шегерілген болатын. Ал кәсібін ашқандарға келсек, көбі заманға сай немесе қабілетіне қарай, ауданымызда жоқ әр түрлі кәсіп түрін ашуға қызығушылық танытты. Мен құс фабрикасын ашып, дүкендер мен асханаларға тұрақты құс жұмыртқасын жеткізіп беруді жоспарладым. Енді бірі тұшпара цехын ашса, тағы бірі қол сабын өндірісін жоспарлады, осындай қажет кәсіп түрлерін ашып жатыр.
- Жастардың ісі оң болсын! Жас кәсіпкер ретінде кәсіпкерлікке ниетті жұмысыз жүрген аудан тұрғындарына қандай кеңес айтар едіңіз?
Тағы оқыңыздар: Теңізге «Ембі» және «Талас» сүйреткіш кемелері түсірілді- Мен Абай атамыздың “Ісім өнсін десеңіз ретін тап” деген ұлағатты сөзін әр жас есіне мықтап ұстауы керек деп ойлаймын. Ретін қалай табу керек? Бұл тұрғыда кәсіптің не екенін түсіндіріп, неден бастау керектігін және аз уақыттың ішінде нәтижеге қалай жетуі керектігін білу үшін аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығынан кеңес алуды ұсынар едім.
- Рахмет, Гүлмоншақ, өзіңдей кәсіпкерлікті қолға алатын жастарымыз көбейе бергей! Кәсіпкерлікті жолға қою, іскерлікті шыңдау арқылы елімізді дамытуға жастарымыз мол үлес қоса берсін!
Сұхбаттасқан Айнахан ЕСЕТ