©
Маңғыстау аймағы бойынша темір жол көлігіндегі жүк және жолаушылар тасымалын, саладағы жалпы тұтынушыларды электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындардың бірі Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы. Мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай, өз функциясын қай деңгейде атқаруда? Дистанция басшысы Сұлтанбек Қонаевпен осы жөнінде әңгімелестік.
- Сұлтанбек Тұрғанғалиұлы, есітуімізше Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясында жыл басынан бері біраз жұмыстар жасалған екен....
- Үстіміздегі жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры Ж.Изгуловтың 06.02.2017ж. №327-ЦЖС бұйрығының негізінде Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының Құлсары стансасын алмағанда 1237 км. 468-467 рзд. Толтыр стансасы 465 рзд Опорный стансасына дейін 1153 км дейінгі ұзындығы 84 шақырым әуе желісі біздің балансқа берілді. Үшінші тоқсанға дейін дистанцияда көктемгі тексеру жұмыстары барысында қабылданған аумақтағы әуе желісі күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Жалпы кейінгі жылдары дистанцияда ескірген электр қондырғыларын модернизациялау және ауыстыру бойынша да біраз жұмыстар жүргізілді. Шетпе, Маңғыстау және Сайөтестегі электр стансалардағы жоғарғы кернеулі ұяшықтар заманауи (КСО) вакуумды айырғыштарға ауыстылды. Үстүрт, Ақжігіт, Опорный, Бейнеу және Сайөтес электр стансаларына қуаты 200 кВт болатын дизель-генераторлар орнатылды. Оазис стансасына 65 кВт дизель-генератор қондылырылды. Пойыздар жүрісі қауіпсіздігін арттыру мақсатында Маңғыстау стансасы ГППМ-110/10 кВ бас төмендету қосалқы стансасы ТМН-2500/110/10 кВ және 6300/110/10 кВ күштік трансформаторлары жаңа үлгідегі құрылғыға ауыстырылды. Сондай-ақ жыл басынан бері сегіз айда ЭЧ-5 бойынша пойыздар жұмысында ақаудың кездеспегенін, ЭЧ-5 кінәсімен пойызды кідірту және белгілердің аражабылуы болмағанын, СОБ (сигнал беру, орталықтандыру және блоктау) құрылғы жұмысының бұзылуы тіркелмегенін, бір де бір БҚАЖ (букстардың (апаттық) қызуын анықтау жүйесі) ажырауы мен А/Б (автоблокировка) қызметінің жабылу әрекеті болмағанын, ең бастысы өндіріспен байланысты жазатайым оқиға тіркелмегенін мақтанышпен айта аламыз. Өткен жылы да солай көрсеткішке жеткен едік. ҮАЛС (үздіксіз берілетін автоматты локомотивтік сигнал беру) құрылғы жұмысының бұзылуы бойынша 1 жағдай болды. 2016 жылдың дәл осы мерзімінде де 1 жағдай тіркелген еді.
- Соңғы жылдары атқарылған шаруалар жайлы айтып қалдыңыз, бұл бағытта да жаңалықтар көп көрінеді...
- Осы жөнінде әңгімені бастамас бұрын мекеменің өткені туралы айтқан жөн болар. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы 1973 жылы 7 сәуірде Гурьев жол бөлімшесінің құрамында ұйымдастырылды. Сол жылдың 26 сәуірінде №1804/132 және бөлімше бастығының №263/НОД-ң/ бұйрығымен банкта есеп айырысу шоты бар, өз алдына шаруашылық есепте №16 Маңғышлақ энергоучастогы (ЭЧ-5) құрылды. Батыс Қазақстан темір жолының қалыптасуына байланысты ҚЖМ-нің 1977 жылғы 18 сәуірдегі 26-Ц бұйрығымен ЭЧ-16 ЭЧ-5 болып өзгертіліп, Опорный, Бейнеу, Сайөтес, Маңғышлақ электр жүйелері мен шекаралары бекітілді. 2003 жылы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ 07.08.2002ж. 152-Ц бұйрығымен Бейнеу-Оазис электр жүйесі қосылды. 2012 жылдың тамызынан бастап Өзен-Турікменстан шекарасына дейінгі темір жол торабы 146 шақырымдық Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанция балансына алынды. Бүгінде дистанциясының қызмет көрсету аймағы Құлсары стансасына дейін 468 разъезден Болашақ-Турікменстан шекарасына дейін, Бейнеуден Оазис, Тассай, Боржақтыдан Ерсай стансаларына дейін 1313,1 шақырымды құрайды. Дистанция құрамында 7 электрмен жабдықтау ауданы, 10 монтерлік пункт және 3 қосалқы бөлімше бар.
2012 жылы наурыз айында Өзен-Түрікменстан темір жол желісін сырттай электрмен қамтамасыз ету Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанция қарамағына алынып, Өзен электрмен жабдықтау ауданы ашылған болатын. Өзен ЭЖБ ауданына қарасты қазіргі заман талабына сай 110/35/6 кВ подстанциялар жұмыс жасауда. Өзеннен Болашақ стансасына дейін жоғары кернеулі 10 кВ АБ және БЭЖ (ПЭС) әуе желісі бір желілі (одноцепная линия) бір бағытта екі линия жургізілген. Мұндай дамыған энергетика, энергиямен қамтамасыз етудің озық үлгілері жалпы пойыздар жүрісі қауіпсіздігі үшін сенімді электрмен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
2015 жылы Жезқазған-Шалқар-Бейнеу темір жол торабының құрылысы бойынша Бейнеу-Тассай ауданы іске қосылды. Ол 287,8 шақырымды құрайды, оның 270,5 шақырымы 110кВ ӘЖ (келесіде - әуе желісі), 773 шақырымы 6-10кВ ӘЖ, 28 шақырымы 0,4кВ ӘЖ, 5,8 шақырымы 6-10кВ КЖ (кабель желісі). Ауданда заманауи қондырғылар орнатылған. 6-10кВ ӘЖ СИП (өзіндік оқшауланған сым) маркалы сымнан жасалған. 110кВ ӘЖ 220/110/35кВ "Бейнеу" КЕГОК-тан бастау алады. 110кВ екіжелілік біртізбекті желі Бейнеу-Тассай ауданындағы Туруш және Құрсай 110/10кВ екі қосалқы стансаны қоректендіреді. Осы қосалқы стансаларда кернеу 110кВ-тан 10кВ дейін төмендетіліп, АБ және ПЭ 10 кВ ӘЖ желісі бойынша таратылады. Туруш пен Құрсай 110/10кВ қосалқы стансаларында қуаты 4000кВА ТМН-4000/110/10кВ маркалы отандық өнім - 2 дана трансформатор орнатылған. Осы қосалқы стансаларда ғана трансформатор майының жағдайын бағалайтын құрылғылар қондырылған, яғни құрылғы май құрамындағы газ және ылғалдылықты автоматты түрде анықтайды. Яғни бұл майдың құрамын хроманализ алу арқылы зерттеуге жарты жыл сайын арнайы зерттеу орталықтарына жіберу қажеттілігін туындатпайды. Бұдан басқа да 110/10кВ қосалқы стансаларда электроэнергияны алыс арақашықтыққа жеткізу үшін "Парк Б" Бейнеу стансасында, Сам, Туруш стансасында, Жарқум бекеті және Құрсай стансасында қоректендіргіш пункттері орнатылған. Бейнеу-Тассай ауданындағы барлық қондырғылар телемеханика арқылы Маңғыстау стансасындағы диспетчерлік орталықтан басқарылады. Туруш, Сам, Бейнеу стансаларындағы тұрғындар 2015 жылы осы ауданға қызмет етуге жұмысқа тартылды. Сондай-ақ 2015 жылы Боржақты-Ерсай темір жол торабының құрылысы жүргізіле бастады. Осыған байланысты бұрынғы әуе желісіне жаңа талаптарға сай өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
- 110 кВ ӘЖ қайта жасалды 2 тірек баған орнатылды ПК 47+80, 48+32;
-2 бөлек біртізбекті АБ және ПЭ 10кВ ӘЖ құрылды, жоспар 14,5 шақырым құрылды;
-темірбетонды тіректердің 728 данасы жөндеуден өтті;
-87 шақырым АС-50 маркалы сым монтаждалды;
-көлік жолының астымен АБ/ПЭ 10кВ КЖ 500 метрге тартылды;
-2 КТСМ электрменқамтамсыздандырылды, 4 ОМП орнатылды;
-Боржақты стансасы бойынша РЛНД-10 типтік ажыратқыштардың 6 данасы қондырылды;
-Боржақты, Ерсай стансалары бойынша КТП мен кабелдерге 4 дана РЛНД-10 типтік ажыратқыштар орнатылды;
-Боржақты, Ерсай стансаларының әр -қайсысына 2 данадан КТП орнатылды, сонымен қатар 1 данадан дизель-генераторлар орнатылды. Осы стансаларға жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жарықдиодты светильниктер әр стансаға 44 данадан жалпы 88 данасы қойылды;
-АСКУЭ-ні (электроэнергияны комерциялық есепке алудың автоматтық жүйесі) монтаждау жүргізілді, бұрынғы қолданыстағы жүйеге біріктірілді.
-АБ және ПЭ 10кВ ӘЖ ажыратқыштарын Маңғышлақтағы диспетчерлік орталықтан Боржақтыны телебасқаруды монтаждау жұмыстары жасалды.
Техникалық жағдайлар бойынша Жетібай стансасында ПП және ТП-3-қайта жаңғыртылды. 1967 жылы пайдалануға берілген ПП, БМЗ (блоктык модульдік ғимарат) қайта жасалды. ТП-3 те РУ-0,4 кВ-да 4 ұяшық, РУ-6кВ да 5 ұяшық, 2 трансформатор 6/0,4кВ -да 400кВа -630кВа-ға алмастырылды. 6 РЛНД-10 типтік ажыратқыштар орнатылды.
- Аталған міндеттердің уақытылы орындалуы адами факторға да тәуелді. Егер оларға жұмыс жағдайы жасалмаса мардымды ештеңе болмасы белгілі.
- Биылғы бір жұмысшыға кеткен шығын көлемі өткен жылғыдан едәуір артып, 4,6 мың теңгені құрады. (2016 жылғы шығын 2,9 мың). «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Магистральдық желі дирекция директорының 2017 жылға бекіткен еңбек жағдайын жақсарту шараларын іске асыру кешенді жоспарына сәйкес жылдық жоспарымыз 6501,0 мың теңге болатын. Содан 8 айға белгіленген мөлшер толығымен орындалып отыр.
Дистанциядағы 1 қыркүйек жағдайына жұмыс орнының жалпы саны 59, онда жұмыс жасайтындар 262. Зиянды, ауыр және шиеленісті жұмыстағы адам саны 210. Еңбек үрдісінің ауырлық көрсеткіші бойынша (бір ауысымда 101 астам иілу; ауысым уақытының 50% ыңғайсыз жұмыс жағдайында жұмыс жасау; физикалық динамикалық күштеме) 15 шақырымнан астам орын ауыстыру; физикалық динамикалық еңбек жағдайында жұмыс жасайтын адам саны дистанция бойынша 153 адам, яғни барлық жұмысшылардың 58 пайызы, электромагнитті сәулелену аймағында жұмыс жасайтындар – 57 адам.
Тағы оқыңыздар: Туристер Каспийге емес, Маңғыстаудың тарихи жерлеріне қызығып келедіЖұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай арнайы мекемелермен аттестацияланған. Жүргізілген аттестаттау қорытындылары бойынша дистанция жұмысшылары өтемақы мен жеңілдіктер алады. Жартыжылдықта өндірістік нысандарды еңбек жағдайы бойынша аттестациялау негізінде санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға зиянды және басқа да жағымсыз еңбек жағдайлары үшін 8458,5 мың теңге қосымша ақы төленді. Оның ішінде 6183,0 мың теңге зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасағаны үшін, 2231,0 мың теңгесі қосымша еңбек демалысына төленген қаражат.
Дистанцияны санитарлық-тұрмыстық ғимараттарымен қамтамасыздандыру қыркүйекке дейінгі көрсеткіш бойынша 100 пайызға жетті. Жұмысшылар арнайы киімдерге арналған шкафтармен толық қамтылды. Бүгінде демалуға арналған бөлмесі -16/16, тамақтану бөлмесі -17/17, шомылатын орындар -21/21, монша -4/4, қол жуатын орындар -40/40, арнайы киімдерге арналған шкафтар -224/224, арнайы киімді кептіруге арналған қондырғылар -2/2 болып отыр.
Шетпе электрмен жабдықтау ауданы, Ералы монтерлік пункттерінде демалыс, асхана және электрмеханиктер бөлмелері, жуынатын орны бар жаңа ғимараттар салынды. Нысандар жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Опорный электрмен жабдықтау ауданы Каркөл монтерлік пунктінің жанында демалу және тамақтану бөлмелері, жуыну орны қарастырылған ғимарат тұрғызып, жұмысшылардың игілігіне берілді. Қамқоршысынан айырылуына, еңбекке жарамдылығын жоғалтуына, басқа да себептерге байланысты өтемақылар да өз уақытымен төленіп отыр. Яғни, қызметкерлеріміздің назары қашанда басты назарда.
- Уақыт бөлгеніңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Шахида ЖҰМАН