• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Жастар кадрлық резерві - жарқын болашаққа жол

[ 2021 ] 14 қыркүйек, 10:04  |  Сұхбат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаһан жүзін шарпыған індет өртінен кейінгі елең-алаңда елдік білім-білігіміз бен ерік-жігерімізді еңсе тіктеп, ендігі кезіккен кедергілерді еңсеруге бағыттау маңызына ерекше назар аударды. Соның ішінде отандық білім беру жүйесінің сапасы, оқу бағдарламаларын заман талабына сай бейімдеу, ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін ұзарту, білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жаңғыртуларды жүзеге асыру жөнінде пікірін білдірді. Соның ішінде Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтау елдегі билік жүйесіне білікті жас буынды бекіту, озық ойлы жаңа лекті жасампаз жаңғыру өзегі ретінде мемлекеттік басқару ісіне икемдеуді көздейді. Жастар кадрлық резервіне биылғы тіркелу қыркүйек айынан қайта бастау алады. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айгүл Демеуовамен ұзақ мерзімді саяси бағдарлама мен еліміздегі басқару жүйесіндегі жаңғырту жөнінде сұхбат құрдық.

- Айгүл ханым, жастар кадрлық резервіне жасақтаудағы мақсат жөнінде айтып өтсеңіз?

- Бағдарламаның басты мақсаты - қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін ҚР азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Сондай-ақ әр алуан сала әрі кәсіп өкілдері үміткер атану мүмкіндігіне ие. Саяси жоба сан түрлі салада үздік деп танылған, заман талабына сай озық біліммен қаруланған, жаһандану үрдісіне тән құбылмалы қызмет талаптарына жедел бейміделе алатын жас буын өкілдерін ортақ мүдде төңірегіне топтастырады.

- Қатысушы резерв іріктеуіне қалай тіркеледі?

- Қыркүйек айының күндері үміткерлерді тіркеу жүргізіледі. Кез келген азаматқа аса ыңғайлы әрі қолжетімді pkrezerv.kz сайты іске қосылған әрі жұмысын сәтті жалғап тұр. Осы онлайн-платформада резервке қатысты барлық ақпарат, ұғынықты мағлұмат орналастырылды. Сайт арқылы үміткер жеке профайлын жасақтап, талап етілген мәліметтермен толықтырып, тиісті құжаттарды жүктей алады.

- Жобаға қатысу талаптары мен шарттары туралы толық айтып берсеңіз?

- Ең алдымен іріктеуге қатысуға өтінім беру үшін қатысушы құжаты қабылданады. Ал екінші кезеңде аудио және видео жазба жүргізе отырып, үміткер қабілет-қарымы сарапқа салынады. Вербальды тестілеу арқылы мәтіндік, ал сандық тестілеу нәтижесінде сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. 1 сауалға 1 минут уақыт беріледі. Ең жоғары балл жинаған алғашқы 1000 қатысушы аудио және видео жазба жүргізіле отырып, тестілеуді верификациялаудан өтеді. Тестілеуді верификациялау қорытындылары бойынша келесі кезеңге ең жоғары нәтижелер көрсеткен 500-ден аспайтын кандидат жіберіледі Бұл үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың сараптамалық және сындарлы ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көрегенділік деңгейін, ынталандырылуы мен құндылығын бағалау нақты тапсырмалар беру арқылы жүргізілмек. Жастар ситуациялық тапсырмаларды мүлтіксіз орындау нәтижесінде терең білімін, зерек зейінін, сараптау қабілеті мен ой-таным өресін көрсете алады. Ситуациялық сауалдар жаңа әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, білім беру жүйесін жаңғырту, ішкі саясат бағытын айқындау, мемлекеттік басқару ісін оңтайландыру, ұлттық экономиканы өркендету және өңірлік даму стратегиясын жасақтау тақырбы төңірегінде туындайды. Бұл кезеңде кандидат тың бастамалар мен озық идеяларға түрткі болуы тиіс. Ситуациялық тапсырмаларды онлайн ақпараттық жүйеде тәуелсіз сарапшылар бағалайды .Бір қатысушының жауабын үш сарапшы бағалайды. Қорытынды баға сарапшылар бағаларының орташа мәнінен шығарылады. Сарапшылар академиялық орта, кәсіби қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен жасақталады. Одан кейінгі кезеңде үміткерлерді ассессорлар құзыреттіліктерді анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмалар негізінде бағалайды. Бағалауды сарапшылар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ассессмент-орталығы базасында келесі құзыреттер бойынша жаппай бағалау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады. Олардың қатарында стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сендіре білу тармақтары бар. Ассессмент қорытындысы бойынша әрбір үміткер туралы қысқаша есеп ұсынылады.

Төртінші кезең – құзыреттер бойынша сұхбат құру. Бұл кезеңге баллдар жинытығы бойынша алдыңғы кезеңдерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар жіберіледі. Бағалауды кәсіби HR-менеджерлер үміткерлердің ішкі ынта-жігерін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтау мақсатында жүзеге асырады. Үміткерлер жеке бағаланады. Құзыреттер бойынша сұхбат қорытындысы бойынша әрбір кандидат туралы қысқаша есеп дайындалады. Келесі кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдері үшін баллдар жиынтығы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткен 100 кандидат өтеді. Ақыр аяғында сарапшылық комиссияда әңгімелесу өткізіледі. Сарапшылық комиссияның мүшелері құзыреттерді бағалау кезеңінің нәтижелерімен алдын ала танысатын болады. Сарапшылық комиссияның отырысына дейін кандидаттар туралы беделін түсіретін деректердің бар-жоғы туралы мәліметтер жинақталады. Сарапшылық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын 65 қатысушыдан аспайтын тізім жасалады. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссия ашық дауыс беру арқылы резервке алу ұсынылатын үміткерлер тізімін жасайды да, оны қарастыру үшін Ұлттық комиссияға жолдайды. Іріктеудің соңғы кезеңі – қатысушылардың кандидатурасы кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық комиссияда қарастырылады. Бұл кезеңге Сарапшылық комиссия ұсынған жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі. Ұлттық комиссияның мүшелері кандидаттардың профайлдарымен және олардың іріктеу нәтижелерімен танысады.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданады.

- Айгүл ханым бағалауды жүзеге асыратын комиссия қызметінің ашықтығы жөнінде не айтасыз?

- Үміткерлердің білім-білігін, қабілет-қарымын әділ әрі шынайы бағалау үшін адам ресурстарын басқару саласындағы білікті мамандар жобаға жұмылдырылады. Жалпы, іріктеу кезеңінде әр түрлі сала сарапшылары қатысушылардың жеке деректерін, атап айтқанда олардың аты-жөндерін көре алмайды. Олар жасырын болады, арнайы шифрланады. Соның нәтижесінде олар тек сандар мен әріптер жиынтығын ғана көреді. Әр кезеңде сарапшылар алған идентификатор бірегей болады. Басқаша айтқанда, бағалаушылар үшін мысалы, кімнің жұмысы екендігі беймәлім болып қала бермек. «Президенттік жастар кадрлық резерві» еліміздің дамуына білімді және дарынды жас буынның келуіне жол ашады. Мен маңғыстаулық сондай-ақ еліміздің жастарын теңдесіз мүмкіндікті тиімді пайдалануға, іріктеу кезеңіне іркілмей атсалысуға шақырамын.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

1338
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ата заңмен бекітілген тіл тұғырына қону керек

Келесі жаңалық

Санақ арқылы мемлекетте ең үлкен мәліметтер базасы қалыптасады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Баланы қанша жастан бастап өнер мектебіне берген дұрыс?

    19 тамыз, 14:25
    506

    Баланы аспапқа баулудың маңыздылығы қандай?

    19 тамыз, 12:34
    425

    Муслим Қазекешов: Шын мәнінде "Америкалықтардың арманы" дегеніміз – қаржылық тәуелсіздік

    15 тамыз, 13:23
    1617

    Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

    29 шілде, 10:05
    398

    Маңғыстау облысы – ҮЕҰ-ны гранттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау көрсететін көшбасшы өңір

    26 шілде, 18:33
    492

    Жұмабек Сапарбаев: Мектеп психологтарына жаңа методика қажет деп ойлаймын

    25 шілде, 12:30
    384

    Рубрикалар

      РедакцияСұхбатЭкономикаКомплаенсҚазақстан жаңалықтарыАшық қоғамРедакция ұжымыТағайындауМаңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    1462

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2127

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    705

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    766

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2104

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    757

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»