• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 29 Шілде 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Вакциналар неліктен екі компоненттен тұрады?...

Не себепті вакцина салдыру қажет?...

Бас санитардың жаңа қаулысы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді...

  • USD: 424.64 ₸
  • EUR: 501.63 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Маңғыстау ауданында мал азығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

10 маусым, 10:30  |  Сұхбат

Жуырда ғана ауданымызда мал азығының қымбатшылығы және шаруашылық саласында туындаған түйткілді мәселелер турасында ҚР ауылшаруашылығы министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы шаруа қожалық иелерімен кездесу ұйымдастырған болатын. Кездесуде шаруа қожалық иелерінің жан айқайын, мұң-мұқтаждықтарын ескерген арнайы жұмыс тобы мен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары нақты шешім қабылдау үшін жұмыстанатындықтарын жеткізді. Араға бір апта уақыт салып, шаруа қожалық иелері үшін қандай қолайлы шешімдер қабылданғандығын білу мақсатында Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Орынғали Күзембаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Орынғали Сырымұлы, ауданда мал азығы мәселесінің көңіл көншітпей тұрғаны баршаға мәлім. Осы орайда жуырда ғана республика деңгейінде арнайы жұмыс тобы келіп, шаруа қожалық иелерінің жан айқайын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдайтындықтарын айтқан болатын. Толығырақ айтыңызшы, қандай шешім қабылданды?

- Иә, арнайы жұмыс тобы өкілдері аудан бойынша ауылшаруашылық саласындағы күн тәртібінен түспей келе жатқан, кезек күттірмейтін мәселелерді шаруа қожалық иелерінің өз аузынан естіді. Мал басын аман алып қалу үшін шырылдаған халықтың талап-тілегіне құлақ түріп, тиісті шешімдерді қабылдауға уәде етті. Жуырда ғана аудан әкімінің орынбасары А.Аққұлов жеткізген жақсы жаңалық, Ақтөбе облысы, Қобда ауданымен меморандумға отыру осы уәде етілген жұмыстардың алды деп есептеймін.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында қуаңшылық жағдайының орын алуына байланысты мал басын сақтап қалу мақсатында ағымдағы жылдың маусым, қыркүйек айларына дейінгі мерзім аралығында төтенше жағдай жариялауға Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Маңғыстау облысына басқа өңірлерден шөп және жем жеткізудің тиімді жолдарын іздестірудеміз. Шұғыл түрде мал басын бірдейлендіру жүйесіне тіркеу және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, мал басы санын нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

- Жергілікті шаруа қожалық иелерімен өткен кездесуде маусымдық мал жайылымдарын өзге облысқа көшіру, өзге облыстан жер алу мәселесі көтерілді. Өзіңіз айтпақшы, Ақтөбе облысымен аудан арасында келісім өткендігі баршаға белгілі. Ауыл арасының шалғайлығы қожалық иелерінің қалтасына салмақ түсірмей ме, оған кімдер өтініш бере алады?

- Ауданымызбен ынтымақтастық ретінде Ақтөбе облысының Қобда ауданы бекітілді. Екінші маусым күні Қобда ауданындағы жұмыс сапарында аудан әкімі Болат Кулов аудандағы «Шекемір» елді мекенінен шабындық жерлерді көрсетіп, ниеттеніп келген шөп шабушыларға маусымдық шабындыққа 10 000 гектар жер көлемін беруге және қажетті жағдайда жерді ұлғайтатындығын атап өтті. Қазіргі таңда ауданымыздағы шөп шабушы кәсіпкерлерге аталған жерден шөп шабуға ұсыныс беріп жатырмыз. Қобда ауданының шөп шабатын шаруа қожалық иелерімен аудан әкімінің орынбасары А.Аққұлов кездеу өткізді. «Қобда Агро» шаруа қожалығының жетекшісі Асылбек Нұргелдин сөз алып, шабындық 30 000 гектар жер, кепілге қоятын мүлкі бар екенін айтып, берілетін қаржыны алуға ниетті екенін атап өтті. Шөп шабу жұмыстары алдағы жеті күн ішінде басталатынын және де ауданымызға шөп жеткізуге қолдан келген көмегін аямайтындығын жеткізді.

- Аудан бойынша төрт түлік малды қыста азықпен толықтай қамтамасыз ету үшін қанша көлемде азық қажет және оған биыл қол жеткізуге мүмкіндік бар ма?

- Жалпы мал басына шаққанда бір айға жеткілікті мал азығы есептеліп шығарылды, оның ішінде аудан бойынша жем қоры 17 000 тонна, шөп қоры 35 000 тонна болу керектігі нақтыланды. Аудандағы жеке кәсіпкерлер мал азығын қолжетімді бағада Қостанай облысынан үздіксіз тасымалдауда. Шөп қоры жоғарыда айтылғандай Ақтөбе облысынан және өз өңіріміздің жеке шаруа қожалық иелерінен тасымалданатын болады.

- Төрт түлік халықтың күнкөріс көзі екендігі белгілі. Мал басын аман алып қалу мақсатында жасалып жатқан әрекеттер қазіргі жағдайдың алдын алуға қаншалықты ықпалын тигізеді? Тығырықтан шығуға көмектесе ме?

- Әрине, мал басын аман алып қалу қазіргі біздің басты міндетіміздің бірі болып отыр. Ауданнан қазіргі таңда 15-ке жуық шаруа қожалық иелері маусымдық шөп шабу жұмыстарына өтініш түсіріп, оның ішінде шөп шабу жұмыстарын бастап кеткен де қожалық иелері бар. Барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілсе, ауданымызға қолжетімді бағада жеткізіледі. Қазіргі жағдайда барлық келетін мал азығы жағдайдың алдын алуға ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

- Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Дина УТЕПБЕРГЕНОВА

194
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста цифрландыру бойынша қандай жобалар жүзеге асып жатыр

Келесі жаңалық

Театрда тың серпін: Жаңа мүмкіндікке жол

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Театрда тың серпін: Жаңа мүмкіндікке жол

    13 маусым, 12:00
    363

    Маңғыстау ауданында мал азығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

    10 маусым, 10:30
    195

    Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

    3 маусым, 11:12
    1603

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    18 наурыз, 09:33
    991

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    9 наурыз, 10:39
    605

    Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

    7 наурыз, 12:48
    513

    Рубрикалар

      ФотоЖаңалықтарСұхбатРедакция туралыҚоғамЭкономикаанонсАудан тынысыХабарландыруМұнайлыАшық қоғамАстана - 20

    Автордың басқа да жазбалары

    Серікбай Трұмов: Той-садақаны түгел тоқтату керек

    Кеше 17:54
    151

    МӘМС - сақтандырылу мәртебеңiздi қалай тексере аласыз?

    Кеше 15:39
    133

    Шаңды дауылда далаға қонған ұшақта жүрек талмасы бар әйел болған

    Кеше 11:31
    143

    Ауыл әкімдері жаңа форматтағы менеджер бола білуі қажет - Айгүл Демеуова

    Кеше 11:20
    60

    Індетпен күресте азаматтық жауапкершілік қажет

    Кеше 10:42
    148

    Ақтауда 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

    Кеше 09:59
    70

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»