• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 19 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды ...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Боранқұлдағы өрт: Жараланғандардың жеке бас деректері белгілі болды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

  • USD: 425.3 ₸
  • EUR: 501.05 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Індетпен күресте азаматтық жауапкершілік қажет

28 шілде, 10:42  |  Маңғыстау жаңалықтары

Соңғы ресми деректерге сүйенсек елімізде қауіпті індетке қарсы екпенің алғашқы бөлігін алғандар саны бес миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш күн сайын артып, вирусқа қарсы иммундық қорғаныс қабілетін түзер екпеге ел сенімі беки түсуде. Ағзадағы табиғи үрдістер үйлесіміне ойсырата соққа берер вирустан қорғану бүгінгі күн мен адамзат келешегінің ең өзекті мәселесі. Әлемдік медицина ғалымдары мен білікті мамандар қауіпті вирусқа қарсы тойтарыс беруге қауқарлы екпелер ауру асқынуы мен өлім-жітімнің алдын-алу үшін ойлап табылған озық жетістік екендігін ескертеді. Ағзаға енген екпе жасушалық деңгейде жүзеге асатын биологиялық үдеріс нәтижесінде иммундық жүйенің түзілуіне сеп болады. Кез келген екпе ағзаны аурудан қорғауға, ауру үдерісінің жеңіл өтуіне қызмет етеді. Бұл ретте, екпеден үрку не күмән көзбен қарау орынсыз деседі дәрігерлер.

Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде індеттің өршуіне орай шектеу талаптары қатаңдады. Жұқпалы індеттің кең етек алуына тосқауыл қою мақсатында бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, сауда мен ойын-сауық кешендері, базарлар секілді халық көптеп шоғырланатын орындардың жұмысын шектеу секілді іс-шаралар жүйелі іске асырылып, жауапты орындар тарапынан жіті қадағалануда. Сондай-ақ халық арасында үздіксіз жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде екпе егу үдерісі оң қарқын алып келеді. Халық бұның бәрі былтыр біршама жан өмірін жалмаған жаһандық кеселдің өріс жаюына кедергі қоюға, қоғамды құрсаулаған вирус қауіпін сейілтуге бағытталған дүниелер екендігін түсінгендей.

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 емханада екпе алуға өз еркімен ниет білдірген тұрғындар дендеген дерттен дер кезінде құтылудың бірден-бір жолы екпе екендігіне сенеді. Ақтау қалалық №2 емхананың бас дәрігері Жарас Байғожаев берген мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда емхананың «Бекітілген халық тіркелімі» дерекқорында тізілген халық саны 79 402 адамды құрап отыр. Олардың басым бөлігі 11, 12 ,26, 27, 28, 28а, 29, 30 шағынаудандарда мекен ететін тұрғындар. Сондай-ақ 1 және 35-шағынаудан аралығында тұратын азаматтарда ішінара осы емхана қызметіне жүгінеді екен.

«Бүгінгі таңда емханада 40 жалпы тәжірибелік дәрігер,23 педиатр маман қызмет етеді. Статистикаға зер салсақ, әрбір жалпы тәжірибелік дәрігер тіркеуінде 1700 тұрғын бар екендігіне көз жеткіземіз. Бұл әрине ең алдымен дәрігерге түсетін ауыр жүктеме. Індет өршіген тұста бұл жүктеме еселене түседі әрі жоғары сапалы медициналық қызметті жетік ұйымдастыру қиынға соғады. Өңірде медицина мамандарының тапшылығын ескерсек, қатерлі кеселге қарсы күресте бар қажыр-қайратымызды сарп етуіміз қажет-ақ. Әрбір жан өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ал қазіргі таңда дендеген дерткедара дауа екпе екендігі әлемдік тәжірибеде дәлелденіп отыр. Сондықтан екпе алудан бас тарту өзіңнің және жақындарыңның өмірін тәуекелге тігумен тең», - дейді білікті дәрігер.

Ақтау қалалық №2 емханада екі екпе егу кабинеті жасақталған. Күніне 120-ға жуық тұрғын өз еркімен екпе салдыруда. Күні бүгінге дейін яғни 22 шілде күнгі дерек бойынша емханаға қарасты 8 367 тұрғын вирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алған. Ал 5 475 адам екпенің екінші компонентін салдырған. Ескере кетер жайт, бұл көрсеткіштер күн сайын өсіп, жаңарып отырады.

«Екпені ең алғаш алғандар денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау саласы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер яғни індетпен күресте ілкі шептен бой көрсеткен сала мамандары екендігі баршаға аян. Екпе егу үрдісі адам ағзасына қауіп тудырса мемлекет өз азаматтарының өмірін қатерге тігуіне жол бермес еді. Сондықтан қоғамда, әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатқан дәйексіз ақпарат ақиқатқа жанаспайды. Тарихта дәлелденгендей, кез келген ауруды жою немесе ең төменгі көрсеткішке дейін жеткізу тек тиімділігі жоғары вакциналармен профилактикалық екпе жасау арқылы ғана мүмкін. Екпе алғаннан кейін 3 күн ішінде аллергиялық реакция, дене қызуының жоғарылауы, екпе орнының ауырсынуы секілді иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің болуы қалыпты жағдай», - деп өз ойын білдірді Ж.Байғожаев.

«Қауіпті вирусты ауыздықтауда өңірдің бас санитарлық дәрігері тарапынан белгіленген алдын-ала сақтық шараларын толықтай орындау қажет. Өзге өңірлермен салыстырғанда біздің облыс қазақы салт-дәстүрді берік ұстанады. Күні бүгінге дейін жиын-той, басқосулар толастамай тұр. Теңіз жағалауына демалуға келген туристер нөпірі де бар. Халықтың көптеп шоғырлануы кеселдің кең етек жаюына септеседі. Сондықтан ең алдымен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау аса маңызды. Жыл басынан бері емханаға қарасты аумақта 1027 адамнан, оның ішінде 191 баладан қауіпті вирус анықталды. Қазіргі таңда біздің емханаға тіркелген 217 адамнан короновирус инфекциясның қан сынамасы оң нәтиже көрсетіп тұр. Оның 15-і бала, 8-і жүкті әйел. Бүгінгі таңда 22 науқаспровизорлық ауруханада ем-дом алуда. Ал 195 адам амбулаториялық емге жүгінген. Вирустың симптомсыз және жеңіл формасы анықталған науқастарға амбулаториялық ем жүргізіледі. Емхана жанынан құрылған кешенді медициналық көмек көрсететін 10 мобильдік бригада таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бригада 1 дәрігер мен 1 медбикеден құралған. Арнайы көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен, сынамаларды жинауға арналған жабдықтармен қамтылған. Дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген адамнан 210-249 телефонына келіптүскен қоңырау мобильді бригадаға жолданады. Мобильді бригада науқас және олмен жақын қатынаста болған жандардан ПТР сынамаларын алады. Жөтел, қызу, әлсіздік секілді ауру белгілерін бақылап, диагноз қояды. Содан кейін науқас емдеу пртоколына сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Сондай-ақ 14 күн бойы учаскелік терпевтің қатаң бақылауына алынады. Клиникалық белгілері өршіген жағдайда жедел жәрдем қызметі арқылы провизорға жатқызылады. Стационар алдын ала жасақталған алгоритм бойынша қызмет етеді. Орта жастағы дені сау адамның 35-40 пайыз өкпесі зақымдануы мүмкін, бірақ денсаулығы мықты болғандықтан амбулаториялық ем тағайындалады. Дәл осы жастағы өзге адам ілеспелі созылмалы ауруы болғандықтан стационарға жатқызылады. Сондықтан ем-дом тағайындау әрбір жеке науқастың денсаулығындағы ерекшеліктеріне, жай-күйіне қарай тиісті дәрігер тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ дене қызуы, жөтел, яғни ЖРВИ белгілері анықталған науқастар емханадағы ситуациялық орталық мамандарының кеңесіне жүгіне алады. Науқастың дене қызуы, қан қысымы, қандағы оттегі мөлшерінің деңгейі қашықтан қадағаланып, хал-ахуалына байланысты дәрі-дәрмектер тағайындалады», - дейді Ақтау қалалық 2 емхананың бас дәрігері.

Жарас Байғожаевтың сөзіне сүйенсек, 22 шілде күнгі дерек бойынша тәулік бойғы шақыртулар саны күрт артқан. Мәселен осыдан бірер күн бұрын 10-15 болса, қазіргі таңда 35-38 қоңырау келіп түсуде. Бұл көрсеткіш өңірде індеттің таралуы белең алып жатқандығың айқын дәлелі.

«Былтырмен салыстырғанда балаларда биыл дене қызуы, іш өту, құсу секілді жедел ішек инфекциялары, пневмония аурулары жиі ұшырасады. Бұрын пневмония қатты салқындап қалған адамдарда ғана сирек кездесетін», - дейді дәрігер.

Екпе салу мен вирусқа шалдыққан науқастарды емдеуден бөлек емханаға артылған міндет ауқымы орасан. Өзге де созылмалы дертке шалдыққан науқастардың жай-күйін бақылау, тегін дәрі-дәрмектерді үлестіру, скринингтік тексерулерді ұйымдастыру т.с.с. уақыт оздырмай әрекет етуді талап ететін іс-шараларды қоса алғанда, індетпен қарсы күресті ұтымды ұйымдастыру оңайға соқпасы анық. Сондықтан дәрігерлер қауымы қауіпті вирустан қорғану үшін ең алдымен санитарлық талаптарды қатаң орындау мен екпе алудың маңыздылығын ұғындыру үшін барын салуда. Індет өрті өршісе, жалыны жан-жағымызды түгел шарпитынын естен шығармаған жөн.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

532
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары қоғам денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Өңірде кеше 267 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Биыл 20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстауда кеше 40 адамнан коронавирус анықталды

    17 қыркүйек, 09:35
    124

    Облыста кеше 57 адамнан COVID-19 анықталды

    16 қыркүйек, 09:10
    174

    Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

    15 қыркүйек, 10:20
    234

    Маңғыстауда кеше 70 адамнан коронавирус анықталды

    15 қыркүйек, 09:18
    181

    Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді

    14 қыркүйек, 11:31
    788

    Облыста кеше 86 адамнан COVID-19 анықталды

    14 қыркүйек, 09:18
    113

    Рубрикалар

      ӘдебиетБіле жүріңізEXPO - 2017Жаңаөзен - 50 жыланонсСараптамаҚоғамАнықтама бюросыСаясатҚұқықМаңғыстау жаңалықтарыБайланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    103

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    105

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    100

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    92

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    171

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    17 қыркүйек, 11:01
    135

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»