Маңғыстау облысының әкімінің өкімімен "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Берішбаев Қуаныш Серікұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Берішбаев Қуаныш Серікұлы 1984 жылы 7 қарашада Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі – жоғары. Ол 2006 жылы «Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті» РМҚК, мамандығы «инженер-механик», 2011 жылы «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» РМҚК, мамандығы «менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Алматы Менеджмент Университетінде Іскерлік әкімшілік мамандығы бойынша магистр атанды.
Еңбек жолы:
2004-2007 жылдары – Мастер, учаске бастығы, әкімшілік бөлімінің бастығы «СМК-4» ЖШС, Ақтау қаласы;
2007-2009 жылдары – табиғи ресурстарды дамыту департаментінің менеджері АҚ «Каспий» ӘКК» ҰК»;
2009-2010 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі аппаратының бақылау-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі аппаратының ұйымдық - инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2011-2012 жылдары – Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шетпе ауылы;
2012 жыл – Маңғыстау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі;
2012-2013 жылдары – Ақтау қаласының әкімінің аппарат басшысы;
2013-2015 жылдары – Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
2015-2016 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2016-2017 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары;
2017-2018 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;
2018-2019 жылдары – Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
2019-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі
2020 жылы 29 мамырында Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды