Ақтау қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып Сражанов Ерген Мұратұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 1986 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
2003-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік колледжін "Құқықтану" мамандығы, ал 2005-2009 жылдары Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтау қаласының №2 сотында кеңсенің жетекші маманы болып бастаған.
05.03.10-01.06.11 - Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты кеңсесінің жетекші маманы.
03.06.11-25.10.11 жж аралығында "Аякс Строй" ЖШС заңгер болып жұмыс істеді.
01.11.11 - 03.01.12 жж - "Алстрон" ЖШС Ақтау филиалында кадыр бөлімінің инспекторы;
03.01.12 - 27.04.12 жж - "Алстрон" ЖШС Ақтау филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;
01.06.12-02.09.13 жылдары - "Актауполимер" ЖШС дамыту және сату бөлімінің бастығы;
02.09.2013 жылдан осы кезге дейін «Маңғыстау Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ жұмыс істейді.