«Каспий» командасы бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Құрметті жанкүйерлер, екі тараптың келісімі бойынша бас бапкері Кахабер Цхададзе командамыздан кеткенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз және бізбен бірге болғаныңызға рахмет айтамыз», - деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Грузиялық маман ақтаулық клубқа биылғы жылы бас бапкер қызметіне кіріскен еді.
Команда Премьер-лига басталғалы өткен бес турының барлығында есе жіберді. Қазіргі уақытта клуб турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Қарсыластар қақпасына небәрі төрт гол соққанымен, өз қақпасына он үш гол жіберді.
Әзірге «Каспий» клубының бас бапкерлігіне қандай маманның келетіні белгісіз.