Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейте түседі
[ 2017 ] 10 қазан, 10:16 | Рухани жаңғыру
Қазақстан латын әліпбиіне көшуді бастап кетті. Бұған дәлел - елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа латын әліпби үлгісімен танысуы.
Латын қаріпіне көшу болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білемін. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.
Бүгінгі таңда дүниежүзі халқының 79 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Дүниежүзінің озық технология, жаңашыл өнеркәсіптің барлығы латын әліпбиімен ағылшын тілінде жүреді. Латын әрпін енгізетін болсақ, елімізде тұратын басқа этностар қазақ халқының айналасына топтасады деген ойдамын.
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын баянды етіп, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі көтереріне сенімдімін.
М. Толлисов,
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ 3 курс студенті
700
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.