Жұмыла көтерген жүк жеңіл немесе латын әліпбиіне көшу заман талабы
[ 2017 ] 10 қазан, 09:39 | Рухани жаңғыру
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!
Тарихқа көз жүгіртсек, біз 3 әліпбиді ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідегідей газет-журнал, компьютер, тың технология деген болған жоқ. Соған қарамастан, халық басына түскен барлық қиындықты еңсере білді. Тіпті, айшылық алыс жерлерге атпен барып, сауатын ашып жүргендер болды. Ал бүгінде шүкір делік, барлық қиындық артта қалды. Бейбіт заман орнады. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді.
Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Шынымен де, бүгінде біз өмір сүріп жатқан ел қуатты мемлекетке айналды.
Сондықтан «латын әліпбиіне көшсек, жағдайымыз қалай болады?» деген сұрақ туындамауы тиіс. Әрине, осы мақсатқа жету үшін үлкен ізденіс, мол еңбек, қыруар қаражат қажет. Осының бәріне күш-жігеріміздің жететініне сенім артуымыз керек.
Е. Хайруллаев,
Бейнеу аудандық ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
946
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.