Ақтөбеде қазақ күресінен жастар арасында өткен ел чемпионатында маңғыстаулық Алмас Серік қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
72 келі салмақта өнер көрсеткен Маңғыстау облысының өкілі Алмас Серік және шымкенттік Мұхаммеджан Жұман ел чемпионатының қола жүлдегері атанса, күміс жүлдені алматылық Жігер Еркінұлы, алтын жүлдені қостанайлық Жәнібек Жұмағазин иеленді.
Ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресі насихатталатын аталмыш чемпионат аясында 2004-2006 жылдары туған балуандар 72 медальді сарапқа салды. 21-25 ақпан аралығында өткен ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 400-ге жуық спортшы қатысқан болатын.