«Каспий» баскетбол клубы дарынды жастарды шабыттандыру үшін оқушыларға шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баскетболдан ерлер командасының ойыншылары оқушылармен өз тәжірибесімен бөлісу үшін №1 жалпы білім беру орта мектебіне барды.
Балалар үшін бұл кәсіпқой ойыншылармен жақынырақ танысудың және оларды қызықтыратын сұрақтарын қоюға бірегей мүмкіндік болды. Мұндай кездесулер жастар мен спортшылар арасында көпір құрып қана қоймай, жаңа жетістіктер мен армандарға шабыттандырмақ.
- Біз бұл спорт түрі физикалық белсенділікті дамытып қана қоймай, командалық рухты, өзін-өзі тәрбиелеуді және мақсатқа ұмтылуды қалыптастыратынына сенімдіміз, - деді «Каспий» баскетбол клубының өкілі Кристина Устимчик.
Баскетболдың барлығына қол жетімді екенін және балалар, жасөспірімдер мен ересектер өз мақсатын таба алатындығын атап өту маңызды.
Айта кету керек, Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы баскетбол бойынша ХХХІІ Қазақстан Чемпионатының кезекті ойынында «Каспий» баскетбол клубы ақтөбелік «Aqtobe» баскетбол клубының арасында өтеді. Бұл ойын 5-6 наурыз күндері Ақтауда «Халық арена» спорт кешенінде өтеді.