Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов 23-29 наурыз күндері Бакуде өтетін «Жібек жолы» халықаралық турнирінде сынға түседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжандағы дәстүрлі турнирде биыл кезекті рет қатысады. Маңызды турнирге баратын құраманың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев те қатыспақ.
Бокстан Парижге жолдама ерлер арасында +92 келі салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев қана иеленген. Ол Олимпиада жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алған болатын.
«Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар:
48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабдешов
57 келі: Ерболат Сабыр
60 келі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
80 келі: Бекзад Нұрдәулетов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.