© Vesti.kz
Ұлттық құраманың бұрынғы боксшысы Саматәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысқаны мәлім болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
BoxRec.com сайтының жазуынша, Маңғыстау бокс мектебінің өкілі 18 ақпанда Ыстамбұлда өтетін бокс кешінде түркиялық боксшы Рефик Тарханмен (3-3, 1 КО) жұдырықтасуды көздеп отыр. Аталған кездесу жартылай орта салмақта төрт раундқа жоспарланған.
Саматәлі Төлтаев Қазақстан құрамасының мүшесі болған. Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғап, жастар арасында бокстан әлем чемпионатының финалисі, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Алайда 2023 жылдың наурыз айында допингке қарсы ұлттық орталық жарыстан тыс талдама қорытындысында оның қан құрамынан оралтуринабол табылды. Кейін шешім бойынша жерлесімізді 2026 жылдың 31 наурызына дейін Ұлттық құрама сапында жарыстарға қатысу құқығынан айырды.