Астанада гір спортынан ұзын айналым бойынша ересектер, жастар және жасөспірімдер арасынан өткен ел чемпионатында маңғыстаулық спортшылар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, ересектер арасында 85 келі салмақта Бақытжан Советханов алтын және қола жүлде еншіледі. Ал жастар арасында +95 келі салмақта сынға түскен Мәлік Ахметов және Гулжайнат Қолдаспаева 16*16 кг гір салмағы бойынша күміс жүлде, Дастан Шаудырбаев 24*24кг гір салмағы бойынша қола жүлдегер атанды. Және жасөспірімдер арасында +68 келі салмақта Мейрамбек Аманқосов қола жүлдеге қол жеткізді.
Гір спортынан Жазира Таңатардың айтуынша, жарыс барысында ерекше жағдай орын алған. 2006 жылғы жасөспірім санатындағы маңғыстаулық Райан Романов ересектер санатындағы жарысқа қатысып, 11 дүркін әлем чемпионы атанған Ораз Басаровтан басым түсті Бұл ерекше жағдай көптің назарына ілінді. Ал жаттықтырушылары спортшының болашағы зор үміт күттіретінін атап өтті.