Ақтауда облыстық БАҚ өкілдері мен баспасөз қызметкерлерінің қатысуымен шағын футболдан ерлер арасында турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спорттық іс-шара облыстық ішкі саясат басқармасының бастауымен және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауы аясында өтті. Жарыс ұйымдастырушысы – "Жағымды жаңалық" ҚҚ.
Бақ қызметкерлері арасында өткен чемпионатқа барлығы 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша "Маңғыстау Медиа" ЖШС құрамасы ең көп ұпай жинап, 1-орынға ие болды. Ал жүлделі 2-орынды облыстық Маңғыстау телеарнасы қанжығасына байлады, 3-орынды Жаңаөзен телеарнасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы медаль мен диплом табысталды. Сондай-ақ демеуші тарапанынан қаржылай марапат берілмек.
Бұдан бөлек жарысқа қатысушылар арасында үздік қорғаушы, үздік қақпашы, үздік шабуылшы мен үздік ойыншылар анықталып, марапатқа ие болды.
Айта кетейік, БАҚ өкілдері мен баспасөз қызметкерлері арасында ұйымдастырылып жатқан турнир екі күнге созылмақ.