Жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатында маңғыстаулықтар бір алтын, бір қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
І орынды 60 келіде белдескен Мерей Марханбетов алса, қола жүлдені 55 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Жұбатхан жеңіп алды. Біріншілік жеңімпазы атанған жасөспірім дзюдошылар енді ұлттық құрама қатарына енеді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында өткен чемпионат 7-10 ақпан күндері Қостанай қаласында өтті. Дүбірлі додада елдің 14 өңірі мен 3 қаласының 700-ге жуық татами шебері бақ сынаған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ