Ақпан айының басында Қытайдың Ухань қаласында Токио ойындарына жолдама беретін лицензиялық турнир өтеді. Дүбірлі додаға маңғыстаулық спортшы Бекзат Нұрдәулетов қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда Бекзат Нұрдәулетов Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында Бокстан ұлттық құрамасымен Куба, Венгрия және Жапония елдерінің командаларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
«Биыл Токио олимпиадасына қатысып, Маңғыстау облысынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанғым келеді. Алға қойған мақсатым «Азиядағы іріктеу жарысында лицензия ұтып алу», - дейді Бекзат Жалғасбайұлы.
Айбек МҰХАНОВ
Басқұдық ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері