Шығыс Қазақстан облысында жастар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Шариповты еске алуға арналған турнир өтті. Маңғыстаулық спортшылар 4 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдемен оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ашық турнирге елдің 9 облысынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 250-ге жуық палуан қатысты. Ал додада Маңғыстау өңірінен 18 спортшы бақ сынады. Жасөспірімдер арасында +81 келі салмақта Мұхтархан Биссенов пен +57 келі салмақта Маржан Қаналиева жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленді. 48 келі салмақ дәрежесінде Жансәуле Қонысбаев, 44 келі Динара Қалдыбай және 57 келі салмақта Гүлжан Қаналиева 2-орын алды. Ал қола жүлдені 52 келі салмақта Дариға Олжаева, 50 келі салмақ дәрежесінде Асылжан Амангелдіұлы, 66 келі салмақта Азат Күмісбай, 73 келі салмақта Байбақты Айладыр және 48 келі салмақ бойынша Айнұр Джумамуратова қоржынға салды. Жастар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Мадина Теңелбаева мен 57 келі салмақтағы Маржан Қаналиева алға шығып, алтын медальді қанжығасына байдады. Мұхтархан Биссенов +81 келі салмақ дәрежеде өнер көрсетіп, күміс жүлдені иеленді. Ал бауыржан Сатов жүлделі 3-орынды алды. Ол 55 келі салмақта қарсыласымен күресіп, жеңіске жетті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА