Алматы қаласында 27-30 маусым күндері жекпе-жек сайысынан ел чемпионаты өтті. Оған елдің әр аймағынан келген 380 спортшы қатысты. Жарыстан маңғыстаулық спортшылар 10 жүлдемен оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жарыста 16-17 жастағы жасөспірімдер мен 18-21 жас аралығындағы спортшылар бақ сынады. 16-17 жас аралығында 50 келі салмақпен Велерия Шальнова, 75 келі салмақпен Серік Дюйсенбаев 1-орын алды. Ал Галина Пилькевич 55 келі салмақта, Абылай Ірмұханов 50 келі салмақта 3-орынды иеленді. Сонымен қатар 60 келі салмақтағы Әлібек Әлмағамбетов пен 75 келі салмақтағы Рауан Бектемір, 90 келі Сұлтанбек Танаторав та қола медаль тақты. Жекпе-жекте 18-21 жастағы спортшылар арасында Баладдин Гулиев 60 келі салмақ дәрежесінде күресіп 1-орынға ие болды. Сондай-ақ 55 келі Зинаида Белоусова мен 65 келі салмақтағы Ақдана Әлиева күміс жүлдені қанжығасына байлады. Чемпионатта жеңімпаз атанғандар «Жас батыр» спорт мектебінің спортшылары. Оларды "Жас батыр" спорт мектебінің жаттықтырушысы Рафик Эйвазов жарысқа дайындаған екен.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебі