Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бас бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазспортқа сілтеме жасап. Бұл туралы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлемнің экс-чемпионы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Геннадий Головкин: "Мен өзім үшін және спорттық мансабым үшін қиын әрі маңызды шешімге келіп отырмын. Жеткен жетістігіммен тоқтап қалмай, алға қарай ұмтылғым келеді. Сондықтан, Абель Санчеспен жаттығуды тоқтатқанымды мәлімдеймін. Бұл шешім Санчестің кәсіби шеберлігіне қатысы жоқ. Ол мені осы жетістікке жетелеген адамдардың бірі. Жаңа бапкерімнің есімін жақын арада хабарлайтын боламын." Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері бірге жұмыс жасаған.