Дзюдо жаттықтырушылары Т.Сүлейменов пен Б.Көшербаевтың ұйымдастыруымен Бейнеу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында топ аралық жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты - жас жеткіншектерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалануға үйретумен қоса өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған жарысқа Бейнеу ауданының Тұрыш және Сыңғырлау елді мекендерінен әр түрлі салмақ бойынша сексенге жуық спортшылар қатысып, боз кілемде сынға түсті. Төрешілердің шешімімен жарыс соңында елуге жуық дзюдошылар жеңімпаз деп танылып, арнайы дипломдармен марапатталды. - Алдағы уақытта бұл спорт түрінен жарыстар өткізу жалғасын таба береді, - дейді бапкердің бірі Т.Сүлейменов.
Үміт ҚАЗДАЕВА