Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Әли Балта палуан атындағы орталық стадионында Президенттік сынақ өтті. Спорттық шараның ашылуында аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ы.Божанов және аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Досов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, аудан тұрғындары мен жастар қатысқан шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, таңғы жаттығуға ұласты. Әрі қарай қатысушылар қысқа қашықтық пен ұзақ қашықтыққа жүгіруден, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және граната лақтыру сынды спорт түрлерінен тест сынақтарын тапсырды. Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №103 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Елбасы тестілерін қабылдау қағидаттары белгіленген болатын. Бұлар негізінен балалар, жастар, ересектер және жеке тұлғалар арасында өткізіледі. Сонымен бірге 2017 жылғы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің №316 бұйрығына сәйкес, нормативтер нәтижелері үш деңгейге бөлінеді. Олар Президенттік дайындық кезеңі, Ұлттық дайындық деңгейі және бастапқы дайындық кезеңі болып бөлінеді.
Үміт ҚАЗДАЕВА