Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл - Жастар жылын» қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау мен бірге палуандардың шеберлігін шыңдап, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында грек-рим күресінен 2007-2006 және 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Шалқар қаласында ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа батыс өңіріне қарасты қалалардан 6 команда құрамасы қатысып, спортшылар сынға түсті. Тартымды да тартысты өткен жарыста төрешілердің шешімі бойынша Бейнеу ауданының құрамасынан 57 кг салмақ дәрежесінде Айдан Шоғыбаев пен Данабек Кемелов І - орын, 38 кг салмақта Искандер Уаисов, 44 кг салмақ бойынша Рақымжан Исатаев ІІ –орын, 41 кг салмақ дәрежесі бойынша Аманжол Тағанбаев және 38 кг салмақта Шерхан Недір сынды жүлдегерлеріміз ІІІ – орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен және алқалармен марапатталды.
Үміт ҚАЗДАЕВА