6-10 желтоқсанда Алматы облысы Үштөбе қаласында Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Филимоновтың жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұл-қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті.
Жарысқа Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының жас ауыр атлеттері бақ сынап, нәтижесінде 40 келі салмақ дәрежесімен Айкөркем Нұрымова 3 орынға иеленді. Айкөркемнің өз салмағы 33 келі, жұлқа көтеруде 18 келі, серпе көтеруде 25 келі, қоссайыс көрсеткіші 42 келі болды.
Ал 89 келі салмақ дәрежесінде Абдилуакт Еркебұлан 3 орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруде 38 келі, серпе көтеру 48 келі көтеріп, қоссайыс көрсеткіші 86 келі болды.
96 келі Қуаныш Айтбек 3 орынды қанжығасына байлап, жұлқа көтеруде 55 келі, серпе көтеру бойынша 65 келі көтеріп, қоссайыс көрсеткіші 120 келі болды.
+ 96 келі Ислам Айдос жұлқа көтеруде 55 келі, серпе көтеруде 75 келі, қоссайыс көрсеткіші 130 келі болып 2 орынды иеленді.
Турнирдің чемпионы + 96 келі салмақта Али Худжагулов бас жүлдені жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 65 келі, серпе көтеруде 80 келімен қоссайыс қөрсеткіші 145 келі болды.
Жеңіспен оралған балалар №2 БЖСМ жаттықтырушылары Аділмағамбет Жаңбыров пен Тимур Жаңбыровға алғыстарын білдірді.
Өз тілшіміз