Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Рахат ауылы әкімдігінің қолдауымен Жаңаөзен қалалық политехникалық колледжі ерікті тұрғындар арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізді.
Жаңаөзеннің 50 жылдық мерейтойына орай өткен шара аптаның демалыс күні ұйымдастырылып, жүгіріске қатысушылар саны 10 мекемеден, 130-ға жуық адамды құрады. Марафонда жастармен қатар 40 жастағы кісілер де белсенділік танытты.
Жүгіріс бағыты «Мерей» шағынауданының 34 көшесінен бастау алды. Қатысушылар «Мерей», «Жұлдыз» шағынаудандары бойымен «Ақсу» ш/а орналасқан Жаңаөзен по- литехникалық колледжіне дейін 1 шақырым жүгіріп келді. Нәтижесінде ерлер арасында Азамат Ақмолдаев (№8 мектеп) мәре сызығын алғашқы болып аттап, жеңімпаз атанды. Ал, Қуаныш Сансызбаев (№21 мектеп) екінші, Еркінбек Нәукебаев (№15 мектеп) үшінші болып жетті. Қыздар арасында Маржангүл Инятова (№121 мектеп) топ жарса, Жангүл Құрмашова (№21 мектеп), Гүлсінай Калиева (№23 мектеп) екінші, үшінші болып келді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңа үй – жайлы мекен- 50 жылдыққа өткізілген марафонда бас жүлдені иеленгеніме қуаныштымын. Спорт - денсаулық кепілі. Сол себепті, барлығыңыз спортпен айналысыңыз дегім келеді. Дені сау мықты азамат болып, салауатты өмір салтын ұстанайық, - дейді жеңімпаз Маржангүл ИНЯТОВА.
Шара соңында жүлдегерлерге арнайы дипломдар табысталып, кубок, медаль және сыйлық тапсырылды. Өнерпаздар болса ән айтып, би билеп жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Жанайым ЖАРЫЛҚАП