Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс. Бұл алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан спорт түрі. Олай болса, неге киберспортқа қазақстандықтардың көңілін бұрмасқа? Қазақстанның өзін ғана алып қарасақ, киберспорт жайлы студенттер мен мектеп оқушылары болмаса, көпшілігі білмейді. Бәрінің айтатыны не? Компьютер ойындары жаман. Менің ойымша, миымызда қатты тамырмен жабысып алған осы секілді ойларды түп тамырымен жойғанымыз абзал. Компьютер ойындарының жаман жағы бар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ, жақсы, пайдалы жақтары да бар екендігін де ұмытпағанымыз абзал. Компьютер ойындары адамның ойлау қабілетін 2D-кеңістігінде ғана емес, 3D-кеңістігінде ойлауын дамытады. Сіздердің көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, бірақ, менімше, болашағымыз осы компьютерлерде болатындығын айтқым келіп отыр.
Дәл осы спорт түрінен қаламызда алғаш рет 6-8 шілде күндері Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында қала әкімінің кубогы үшін жастар арасында қалалық ашық турнир өтті.
6 шілде «GLOBAL» киберспорт клубындағы Fifa 18 футбол ойынына 30-ға жуық киберспортшы қатысып, І орынды Қадырбек Жұмаев, ІІ орынды Бейбіт Өміров, ал ІІІ орынды Саламат Оразов иеленді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Құм көшкініне тосқауыл бар ма?7 шілде күні жарыс «АZIIMOV» киберспорт клубында өткізіліп, CS:GO ойыны бойынша 7 команда, 40-қа жуық спортшы қатысты. Нәтижесінде, «Ақтау Peaky Blinders» командасы ІІІ орынға, «Ақтау iOne» командасы ІІ орынға, «AZIIMOV team» Жаңаөзен қаласы командасы І орынға ие болды.
8 шілде күнгі жарыс та «AZIIMOV» киберспорт клубында ұйымдастырылып, DOTA 2 ойынында 12 команда, 120-ға жуық спортшы бақ сынады. Командалық жарыста «Ақтау Nirvana.kz» - І орын, «Ақтау Team SS» - ІІ орын, «Ақтау Бурановские бабушки» - ІІІ орын иеленіп, барлық командалардың ішінде үздік екендіктерін дәлелдеді.
Жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан диплом, медаль және кубокпен марапатталды.
Меруерт ТЕҢЕЛБАЕВА Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің статисті
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57852,57850,57849"]