Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Болашаққа бағдар Ақтауда Қазақстан полициясы күніне және Халықаралық Олимпиада мерекесіне орай велошеру өтті.
Ауқымды спорттық шараны облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов құттықтау сөзімен ашты.
Велошерудің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Маңғыстау облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға қатысуға өз ісінің шеберлері мен қызығушылық танытқан жандар өтініш білдірген.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын бекіттіВелшеру Халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан бастау алып, «Грин Парк» аймағында мәресіне жетті.
Қатысушылар үш топқа бөлінді. 18-31 жас аралығында – Молодцов Валерий – 3 орын, Тимур Ястремский – 2 орын, Казаков Дмитрий – 1 орын иеленді.
31-45 жас аралығында – Алмабекова Анель – 3 орын, Тулешова Алия – 2 орын, Казакова Евгения – 1 орын алды.
46 жастан жоғары шабандоздар арасында – Боков Николай – 3 орынға, Дроган Сергей – 2 орынға, облыс әкімі Ералы Тоғжанов – 1 орынға ие болды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, медальдармен марапатталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56756,56757,56758,56759,56760"]